Спорт • 27 Ақпан, 2020

Мароккода белдесетін дзюдошылар анықталды

421 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-8 наурыз аралығында Марокконың астанасы – Рабатта дзюдодан Гран-при додасына өтеді.  Бұл жарыста 95 мемлекеттен келген 600-ге жуық балуан бақ сынайды деп күтілуде.

Мароккода белдесетін дзюдошылар анықталды

Ұлттық командамыздың бас бапкері Айдын Смағұлов Рабаттағы додада мына шәкірттеріне сенім артып отыр: Бауыржан Нарбаев (60 кило) Ерлан Серікжанов (66 кило), Серік Ақылбек (73 кило),  Жансай Смағұлов (73 кило) Руслан Мұсаев (81 кило) Дидар Хамза (81 кило), Ерсұлтан Мұзаппаров (90 кило), Айбек Серікбаев (100 кило), Ерасыл Қажыбаев (+100 кило) және Ғалымжан Қырықбай (+100 кило).

Әйелдер сайысында Әйгерім Әбілқадырова (48 кило), Ғалия Тынбаева (48 кило), Анна Козюлина (52 кило), Севара Нышанбаева (57 кило) және Зарина Раифова (78 кило) ел намысын қорғайды.