Президент • 26 Ақпан, 2018
Дариға Назарбаева Ли Куан Ю бағдарламасы бойынша Сингапурда болды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Сингапур Үкіметінің бастамасы бойынша Ли Куан Ю атындағы алмасу бағдарламасына қатысу мақсатында Сингапурда болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Бағдарламалар • 26 Ақпан, 2018
Өмір өзгерістен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті латын графикасына көшу туралы тәуелсіздік алған күннен бастап ойлап, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Бірақ Қазақстандағы экономикалық, демографиялық жағдай тосын шешім қабылдауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да өмірді терең танитын, әлемдік саясаттың ішкі иірімдерін жақсы білетін болғандықтан, Н.Ә.Назарбаев: «Кімге күш көрсетеміз? Жан-жақты көршілермен қырғи-қабақ болып ертеңгі күні елімізді үлкен-үлкен ұлттарға, елдерге қарсы қойып талан-таражға түсірсек, тіл тұрмақ бас қайғы болады. Шыдау керек. Көпірден өтетін уақыт онша көп емес. Бір он бес-жиырма жыл уақыт керек», – деп еді «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында. Президент айтқандай, содан бері 26 жыл өтті. Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналды. Өз мемлекетінде өзі азшылықта болған қазақ халқының үлес салмағы 65 пайыздан асып жығылды. Ұлттық жаңғыру жүріп жатты.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
«Имстальконның» аяғынан тұсау алынды
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 2 тамыздағы №146 (28874) санында «Араша» айдарымен «Сбербанктің» тәбеті тартып барады... немесе «Имстальконның» өндірістік қуатына тұсау қалай салынды?» атты сын мақала жарияланған болатын. Онда ғимарат салуда өзіндік қолтаңбасы бар, металл құрылғыларын жасау мен құрастыруда республикамызда бірінші болып 1991 жылы өндірістік қызметін жаңаша бағытта бастаған, байырғы «Казстальконструкция» құрастыру тресінің (1956 ж.) заңды мұрагері тәуелсіз Қазақстанның құрдасы «Имсталькон» АҚ пен ресейлік «Сбербанктің» арасында туған түйткіл туралы жазылған.
Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2018
Қош, Пхенчхан! Көріскенше, Бейжің!
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпия ойындары ресми түрде аяқталды. Кеше 17 күн бойы Олимпиаданың ордасына айналған Пхенчханда Олимпиада туы төмен түсіріліп, Пхенчхан қаласының мэрі Олимпия туын ХОК президентіне қайтарып берді. Өз кезегінде Томас Бах оны 2022 жылғы қысқы Олимпиада астанасы – Қытайдың Бейжің қаласының мэріне ұстатты. Ал соңынан халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Пхенчхан қысқы Олимпия ойындары жабық деп жариялады. Сөйтіп тағы бір Олимпия ойындары тарих қойнауына енді. Пхенчхан Олимпиадасы барлық жағынан алғанда да өзінің алдындағы ойындардан бір саты жоғары деңгейде өтті. Оны Олимпия ойындарына қатысы бар мамандардың барлығы айтады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бергі сыртқы экономикалық саясаттағы басым бағыттарының бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) екіжақты қарым-қатынастарды тығыз орнатып, оны жүйелі түрде дамыту болып табылады. Сол себептен, еліміз алғашқы күннен өз даму жолында нарықтық экономиканы таңдап, мемлекетімізде жекеменшік кепілдігін орнатып, экономика заңдылықтарымен жүріп келеді.