Аймақтар • 06 Ақпан, 2024
Ақмола облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар
Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауыл • 05 Ақпан, 2024
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының өкілдерімен кездесті.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2024
Еліміз тәуелсіздік алып, нарықтық қатынастарға көшкеннен кейін жер реформасы жүргізіліп, жекешелендірілген кеңшарлардың иелігіндегі егіс алқаптарынан ауыл тұрғындарының әрқайсысына бірнеше гектардан шартты жер үлесі бөлініп берілді.
Депозит • 05 Ақпан, 2024
Таяуда еліміздің Бас қаржы реттеушісі – Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін 50 базистік тармаққа төмендету туралы шешім қабылдады. Бұған инфляциялық үдерістердің баяулауы ескеріліп, алдыңғы жылдан бері алғаш рет бір таңбалы мәнге жеткендігі бар. Осыған қарағанда, инфляцияның орнықты бөлігіндегі көрсеткіштер тұрақталып келе жатқан сыңайлы.
Дін • 05 Ақпан, 2024
Елдік құндылықтар: дін, діл, дәстүр
Мемлекет басшысы 3 қаңтарда газетімізге берген сұхбатында: «Біз озық ойлы ұлт ретінде халқымызды ыдырататын емес, біріктіретін жолды таңдап, тек қана алға қарауымыз керек. Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс», деді. Халықты біріктіретін, ынтымаққа ұйытатын елдік құндылықтардың бірі – сенім, яғни дін десек, қателеспейміз. Өкінішке қарай, кейінгі кезеңде түрлі күштер дінді қоғамды біріктіру жолына емес, жік салу мақсатына пайдаланды. Оның салдарын біз әлі күнге көріп те келеміз. Осы орайда елдің жанын ауыртқан, зиялыларға қам жегізген діни ала-құлалықтан қалай арыламыз? Елдік құндылықтар – дін мен діл, дәстүр мен білік үйлесімін лайықты кәдеге жаратып, халықтың ынтымағын арттыру үшін не істеу керек? Газет редакциясы ұйымдастырған кезекті дөңгелек үстел осы тақырыпқа арналды.Жиынға «Отандастар» қорының президенті, Төтенше және өкілетті елші Абзал Сапарбекұлы, абайтанушы, ІТ саласы маманы Сұлтан Ыбыраев, ҚМДБ Діни уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, PhD, күрделі уақытта Атырауда өкіл имам болған Батыржан Мансұров, дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты Кеңшілік Тиышхан, дін саласындағы мемлекеттік саясат сарапшысы Ержан Байбол қатысты. Шараны «Қазақ газеттері» серіктестігінің бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлы жүргізді.