Тұлға • 26 Ақпан, 2024
Бүтін қазақ елінің даналық, ізгілік, көшбасшылық, мемлекетшілдік қасиеттерін болмысына дарытып, философиялық көзқарасын жетілдіріп, ғылым-біліммен, өнермен қуаттанып, қайратты, ғибратты ұйымдастырушылық, жаңашылдық іс-қимылдарымен мемлекетіміздің тарихы мен тағдырына, абыройы мен беделіне өлшеусіз үлес қосқан, заманынан озып туған тұлға – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев.
Көрме • 26 Ақпан, 2024
Өткен аптада елордамызда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ТүркСОЙ, Ресей өнер академиясы Алтын медальдарының иегері, танымал қылқалам шебері Сейсенхан Маханбеттің «Табиғатпен үндесу» атты жеке көрмесі ашылды.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2024
Синоптиктер екі өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады
Синоптиктер ертең, 27 ақпанда Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 26 Ақпан, 2024
Қазақтың талантты әншісі Рамазан Стамғазиев орындайтын «Дариға, дәурен» әнінің сөзін жазған ақын Несіпбек Айтұлының: «Мен – әнге сөз жазуға қорқа-қорқа келген адаммын. Себебі әннің сөзі өте кірпияз. Бір мысқал артық не кем кетуге болмайды. Оған нысананы көздегендей дәлдік керек. Демек, шебердің шебері ғана баратын іс», дегені бар еді. Абай атамыз айтқандай, «Әннің де естісі бар, есері бар». Өкініштісі, қазір ессіз, мәнсіз, мағынасыз ән көбейді. Ой салатын, жүрекке жететін, сөзі мен сазы қабысып, әдемі үйлесім тапқан ән тыңдау арманға айналып барады...
Мәдениет • 26 Ақпан, 2024
Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиевтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Асыл арман» музыкалық қойылымы сахналанды.