Жастар • 01 Ақпан, 2024
Жастардың ертерек белгілі бір кәсіпті игеріп, өз күндерін өздері көруге ұмтылуы әбден құптарлық. Әрі сүйіп істейтін мамандықты меңгереді.
Халық • 01 Ақпан, 2024
Теріскейге 9 мың адам қоныстанды
– Егер қайықтың бір жағына көп адам отырса, қайық аударылып қалуы мүмкін, – дейді Бурахан дауысы гүрілдеп. – Сол секілді халық та елдің төрт тарапын теңдей ұстап тұруға тиіс. Қазір Сарыағаш пен Мақтааралды қоссаң, бір Солтүстік Қазақстан облысы шығады. Бір шетіміз қалың, бір шетіміз селдіреп тұр. Халықтың қоныстану тепе-теңдігі – қауіпсіздікке, экономикалық-әлеуметтік жағдайға, демографиялық ахуалға әсер ететін нәрсе.
Ғылым • 01 Ақпан, 2024
Ғылымның отаны жоқ дегенменен...
Әлемнің әр қиырында табысты қызмет етіп жүрген қазақ ғалымдары жетерлік. Өкініштісі, олар Қазақстанның емес, сол елдің мүддесіне жұмыс істейді. Сондықтан сыртта жүрген отандастарымызды көпшілікке таныту, реті келсе елге қайтару – күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Өйткені біздің ел де ғылымды дамытуға ерекше ден қойып отыр. Ал мұндайда шетелде жүріп тәжірибе жинаған ғалымдардың көмегі көп болмақ.
Ғылым • 01 Ақпан, 2024
Доктор дәрежелі ғалымдар қажет
Бүгінде республика мектептерінде 5 мыңға жуық педагог жетіспейді. Білім беру жүйесін жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету көкейкесті мәселеге айналып отыр. Көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді, ал педагогика саласында оқыған әрбір бесінші түлек өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді.
Суицид • 01 Ақпан, 2024
Атырау облысында кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын 11 комиссия бар. Былтыр бұл комиссияларда 1 624 мәселе қаралған. Облыстық білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбековтің айтуынша, жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде құқық бұзушылық жасайтыны анықталып отыр.