Несие • 03 Ақпан, 2023
Несиені теңгемен беру көлемі ұлғайды
Банк секторының активтері жыл санап өсім көрсетіп келе жатыр. 2022 жылдың қорытындысы бойынша несие портфелі көлемінің 20,1 пайызға өсуінің нәтижесінде сектордың жиынтық активі 18,4 пайызға, 44,6 трлн теңгеге дейін өскен. Екінші деңгейлі банктердің өтімділігі жоғары активтері шамамен 13,5 трлн теңгені немесе активтердің 30,3 пайызын құрайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, осыншама көлемдегі актив арқылы банктер өз міндеттемелерін толыққанды атқара алады.
Мектеп • 03 Ақпан, 2023
Қаржылық сауаттылықты мектепте қалыптастырайық
Бүгінде халықтың қаржылық сауаты сын көтермейді. Әйтпесе арамызда жүрген кейбір адамдар банктер мен микроқаржы ұйымдарынан қаптатып несие алмас еді, қаржы пирамидалары мен желілік маркетингтердің тұзағына түспес еді, әртүрлі алдамшы бизнес-схемалардың шырмауында қалмас еді. Осының бәрі – қаржылық амалды ойланбаудың салдары.
Технология • 03 Ақпан, 2023
Түркі тілдерін танитын технология
Жүре берсең, көре бересің деген рас екен. Nazarbayev University-нің ғалымдары түркі тілдерін танитын технология ойлап тауыпты. Тың технология адамдардың қай тілде сөйлесіп отырғанын әп-сәтте-ақ анықтап береді. Қазақшадан бөлек, тағы 9 түркі тілін танитыны қандай тамаша?!
Спорт • 03 Ақпан, 2023
Алдағы демалыс күндері Францияда дзюдодан биылғы маусымдағы Grand Slam турнирінің шымылдығы түріледі. Париж татамиінде Қазақстан құрамасының балуандары да белдеседі.
Үкімет • 03 Ақпан, 2023
Саяси додаға мониторинг жүргізіледі
Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттері комитеттері төрағаларының екінші кеңесіне қатысты.