Үкімет • 03 Ақпан, 2023

Саяси додаға мониторинг жүргізіледі

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаты Сергей Ершов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің Парламенттері комитеттері төрағаларының екінші кеңесіне қатысты.

Саяси додаға мониторинг жүргізіледі

Сенатор іс-шара барысында басқа елдердің парламентшілерімен бірге халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Депутат кеңес жұмысы аясында Мем­лекет басшысының бастамасы бойынша елі­міздің барлық салада кешенді және жүйе­лі өзгерістер жүзеге асып жатқаны тура­лы әріптестеріне айтып берді. Сенатор бар­лық негізгі билік институтын дәйекті түрде қайта ретке келтіру үдерістеріне тоқталды.

«Бүгінде Парламент те, жергілікті өкілді органдар да нығайып келеді. 14 қаңтарда Сенат депутаттарының сайлауы өткен болатын. Палата құрамына әрбір облыс пен республикалық маңызы бар қалалардан бір-бірден депутат таңдалды. Қазақстан халқы Ассамблеясы президенттік квота бойынша бес сенаторды ұсынды. Бұл сайлауда үміткерлердің бәсекелестік деңгейі өте жоғары болды. Сенат сай­лауында кандидаттардың көпшілігі өзін-өзі ұсынды. Бұл азаматтық қоғамдағы сая­си белсенділіктің өсіп келе жатқанының көрі­нісі. Сенатқа сайланған 20 депутаттың 16-сы алғаш рет сенатор болып отыр, 4 сенатор қайта сайланды. Сенатор әйелдердің саны да көбейіп келеді», деді Сергей Ершов.

Депутат сөз соңында ҰҚШҰ Пар­ла­мент­тік Ассамблеясы байқаушыларының мис­сиясы алдағы сайлауда мониторинг жүр­­гізуге белсенді қатысатынына және оған объек­тивті баға беретініне үмітте­нетінін жеткізді.