Қаржы • 05 Ақпан, 2019
Қаржы министрлігі салықтық рақымшылық жүргізу жөніндегі жол картасын әзірледі
Бүгін Үкімет отырысында Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2019 жылғы 30 Қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру бойынша Қаржы министрлігі қабылдаған шаралар туралы баяндады.
Аймақтар • 05 Ақпан, 2019
«Тараз» футбол клубы Анталиядағы кездесуін аяқтады
«Тараз» футбол клубы Түркияның Анталия қаласындағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады. Команда мұнда бірнеше жолдастық ойын өткізген болатын. Сонымен қатар, Анталияда жергілікті тәрбиеленушілер мен жаңадан келген ойыншылардың мүмкіндіктері қаралды.
Дәстүрлі Билер кеңесі іске кірісті
Батыс Қазақстан облысында ел ішіндегі дауларды дәстүрлі жолмен шешетін билер кеңесі пайда болды. Жақында Билер кеңесі туралы ереже жобасына Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов қол қойды.
Қазақстан • 05 Ақпан, 2019
Зардап шеккен отбасына көмек көрсетіледі
Өткен жексенбіден дүйсенбіге қараған түнде Астана қаласының Сарыарқа ауданына қарасты Көктал тұрғын алабында орналасқан жер үйден өрт шығып, соның салдарынан бес бірдей бала қайтыс болды. Олар 2006, 2009, 2014, 2016 және 2018 жылдары туылған бүлдіршіндер еді. Ең кішісі бар-жоғы үш-ақ айға толған екен. Сол түні балалардың әке-шешесі жұмыста болған көрінеді.