«Ең алдымен, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы елдегі экономиканы дамыту мәселесіне және жоспарлы объектілерді жекешелендіру ісіне назар аударды. Бұл тапсырма әзірге хаттамалық тапсырмаға енген жоқ. Қазіргі уақытта 470 млрд теңге сомасына 473 объект (898 нысанның ішінде) іске асырылды. Сондай-ақ 280 нысан қайта құруға және жоюға жіберілді. Кешенді жоспардың орындалуы 84% құрайды» деді Қаржы министрі.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы кешенді жоспар бойынша республикалық, коммуналдық меншік пен квазимемлекеттік сектордың 123 объектісін іске асыру міндеті тұр. Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында жекешелендіру жөніндегі жол карталарына тиісті түзетулер енгізу, жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен бағалауды жандандыру, нысандарды сауда-саттыққа жедел тәртіппен шығару жұмыстарын қолға алу керек.
«Жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің осы тапсырмасын орындау кешенді және ведомствоаралық сипатқа ие екенін ескере отырып, министрлік жеке тұлғалар үшін салықтық рақымшылық жүргізу жөніндегі жол картасын әзірледі» деді министр.
Оның айтуынша, жол картасы жеке тұлғалардың өлшемдерін және салықтық рақымшылық жасау жүргізілетін берешек сомаларын әзірлеуге, заңнамаға түзетулер әзірлеуге, сондай-ақ салықтық рақымшылық жүргізу жөніндегі іс-шараларға бағытталған бірқатар іс-шараларды қарастырады. Осы мәселеге байланысты 2019 жылғы наурызда Парламентке түзетулер енгізу жоспарланған. Бұл туралы заң маусым айында қабылданып, салықтық рақымшылық жүргізу жұмыстары жыл соңына дейін жалғасады.