Фото: Деловой Казахстан
Айта кетерлігі, цифрлық теңгені бағдарламалау технологиясы Ұлттық қор қаржыландыратын жоба аясында тестілеуден өтіп жатыр.
Жоба авторларының айтуынша, цифрлық теңгені бағдарламалау технологиясы қаржы иесіне оны өз бетінше бақылауға және тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе таңбалау технологиясы бөлінген қаражаттың нысаналы жұмсалмау тәуекелдерін азайтады. Сондай-ақ мемлекеттік қаржы жұмсаудың айқын және тиімді болуын қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.
«Пилоттық жобаны іске қосу барысында цифрлық теңге платформасында жобаны қаржыландыруға бөлінген ақшаға таңба қойылды. Таңбаланған цифрлық теңге қажетті міндеттемелерді толық көлемде орындаған ұйымдардың атына ғана төленеді. Таңбаланған ЦТ-мен есеп айырысу түпкілікті өнім берушілер мен мердігерлерге дейін бүкіл тауар жеткізу тізбегі бойынша жүргізіледі. Барлық тұтынушының цифрлық теңгедегі шоттарға қол жеткізуі нарыққа қатысушылардың қолданыстағы интерфейстері арқылы әдеттегі форматта ұйымдастырылған», делінген хабарламада.
Пилоттық жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-мен, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-мен, «Қазпошта» АҚ-мен және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп іске қосылған.
«Бұл пилоттық жобаны дамыту аясында цифрлық теңгені таңбалау үшін эталондық дереккөздерді (ақпараттық жүйелерді) кеңейту, нарыққа қатысушылардың (екінші деңгейлі банктердің) санын кеңейту және Ұлттық қордың бюджетінен қаржыландырылатын өзге де жобаларға арналған платформаны пайдалану жоспарланған.
Сонымен қатар ҚР Үкіметі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларында бюджет қаражатын нысаналы мемлекеттік жұмсау, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын цифрландыру бойынша бірнеше пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Салықтық әкімшілендіруді цифрландыру, ұлттық цифрлық валюталардағы трансшекаралық есеп айырысу және цифрлық активтер саласындағы есеп айырысу бойынша пилоттық жобалар да жоспарланған», делінген Ұлттық банк хабарламасында.