Сенат • 27 Ақпан, 2024
Сырда сенаторлар талқылаған су мәселесі
Кеше Қызылордада Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің мәселелері мен перспективалары» атты көшпелі отырысы өтті.
Сайлау • 27 Ақпан, 2024
Президент өткен жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында аймақтарға қатысты саясатта маңызды реформалар жүргізілетінін айтқан болатын. Бұл іс өңірлерде біртіндеп жүзеге асырылып келеді. Соның бірі – әкім сайлауы.
Экономика • 27 Ақпан, 2024
Көп күткен күре жол құрылысы аяқталады
«Қарағанды – Балқаш – Алматы» тасжолының құрылысы түрлі себепке байланысты сағызша созылды. Жылда айтылатын уәде – «биыл бітіреміз». Ендігі уәде жауаптылардың кәдесіне жарамайын деп тұр. Маңызды күре жолдың аяқталу мерзімі – Мемлекет басшысының назарындағы мәселе. Жақында ғана Қарағандыға жұмыс сапарымен келген Үкімет басшысы Олжас Бектенов барлық жұмысты жыл соңына дейін толық аяқтау қажеттігін қадап айтып, өз бақылауында ұстайтынын жеткізді.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2024
Көктем шығысымен құрылыс науқанының басталатыны белгілі. Жағдайы жеткендер үй соғады, қаржысы аз жандар уақытша баспана тұрғызады. Тіпті жоқ дегенде үй ішін ақтап-сырлап алатынымыз анық. Әйтеуір, қарап жатпай қам қылатын халықтың көбі құрылыс базарының саудасын жүргізіп жатпайтын ба еді?..
Қоғам • 27 Ақпан, 2024
Биыл іске қосылған «Index Dtp.kz» қосымшасы арқылы еліміздің әр қаласындағы жазатайым оқиғалардың және жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) ықтималдық деңгейін тексеруге болады. Белгілі бір қалада әртүрлі жағдайларға байланысты жол-көлік апаттары көп тіркелсе, индекс жоғарылайды. Бір жыл бұрын жасалған қосымша сақтандыру мамандары мен қарапайым жүргізушілерге арналған.