Аймақтар • 27 Ақпан, 2020
Кәсіпкерлерді толғандырған түйткіл көп
Кез келген өңірдің әлеуметтік әлеуетінің жоғары болуы және экономикалық тұрғыдан дамуы кәсіпкерліктің кең өріс алуына байланысты. Кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесінде жүздеген жұмыс орны ашылып, өзін де, өзгені де жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ал «Кәсіп түбі – нәсіп» қағидасын ұстанып, адал еңбегімен алға басуды мақсат тұтқан барлық адам үшін бүгінде мемлекет тарапынан тиісті қолдаулар бар.
Сұхбат • 27 Ақпан, 2020
Төлеутай Рақымбеков: Ғалымдар фермердің тапсырысын орындауы керек
– Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі малды шетелдерге тірілей экспорттауға тыйым салды. Кейбір сарапшылар тарапынан бұған қатысты сыни пікірлер айтылуда. Сіздің көзқарасыңыз қалай? – Ресми статистикаға сүйенсек, былтыр азық-түлік бағасы 10 пайызға көтерілді, бұл ақылға сыймайтын көрсеткіш. Қымбатшылықтың себеп-салдарын түсіну үшін нарықтағы азық-түлік бағасының өзгеру тетіктерін білу керек. Мәселен, көкөніс, жеміс-жидек сияқты азық-түлік түрлерінің бағасы етпен тығыз байланысты. Ет қайда сатылады? Базарда. Алыпсатарлар да, сатушылар да еттің құнына қарап отырады. Ет қымбаттаса, қалған тауарлар да қымбаттап шыға келеді. Ел арасында малдың бәрі экспортқа кетіп жатыр деген әңгіме көбейіп кетті.
Абай • 27 Ақпан, 2020
Абай «кәмәләтті шеберлік» хақындағы пікірлерімен бөліседі. Табиғат – оқулық. Табиғат – қазына. Табиғат – суретхана, яғни қисапсыз бояулар мен дыбыстар дүниесі. Жаһан «жүргізіп қойған сағат сияқты» деседі. Табиғатты 1) тыңдау 2) оған бағыну, тағылым алу 3) ақыл жұмсап, құрметтеу парыз. Онда ғажайыпты ұлы үйлесім, көркемдік келісім бар. Ішкі гармония қатаң сақталған, ақыл-ой қуаты шамалай алмайтын, жанды-жансыз дүниенің құрылымында әмбебап өзара әрекеттестік бар, мыңдаған, миллиондаған байланыстар мен қарым-қатынастар жүйесі бар.
Таным • 27 Ақпан, 2020
Шартараптағы су жаңа шығармалар
Газет оқырмандарына жылдың алғашқы айындағы шетелдік кітап нарығындағы әдеби жаңалықтарды ұсынамыз. Түрлі жанрдағы жаңа шығармалар әлемнің әр бұрышындағы сан тақырыпты қаузайды. Сөзіміздің әлқиссасын Муракамидің жазушылық өмірбаяны жазылған кітаптан бастауды жөн көрдік.
Теннис • 27 Ақпан, 2020
Теннис: Мария Шарапова үлкен спортпен қош айтысты
Ресейдің атақты теннисшісі, көптеген аса ірі додалардың жеңімпазы Мария Шарапова үлкен спортпен қош айтысатынын ресми түрде мәлімдеді.