Әдебиет • 02 Ақпан, 2022
«Табақ бет, таңқы танау» қалай жазылды?
Бүгінгі әдебиетте жазып жүрген авторлардың бәрі әуесқой жазушылар. Оның себебі де анық: қоғамда жазушылықпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жоқ. Халық үшін де, билік үшін де әдебиет белгісіз бір орында қалған өнерге айналды. Сондықтан кейде прозашыларға биік талап қоюға дайын тұратынымыз әбестік сияқты көрінеді. Алайда «әдебиет – ардың ісі» емес пе еді?.. Әлқисса.
Қоғам • 02 Ақпан, 2022
2018 жылы елімізде күн сайын орта есеппен 15-16 мал ұрлығы тіркеліп, қай өңірде болсын белең алып кеткен осы қылмыстың жалпы саны 5 636 болған екен. Ақ адал малынан айырылған шаруалардың жанайқайлары да жиі шығып жатқан еді. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы маусымда Жамбыл облысы жұртшылығымен кездесу барысында мал ұрлығымен күресті күшейту қажеттігіне айрықша назар аударып: «Соңғы кезде қорадағы малын таппай қалатын азаматтар көбейіп барады. Бұған тыйым салу керек. Адал еңбек етіп, күнін көріп отырған малшыларды қорғауымыз қажет. Заңды қатайтып, қылмыскерлерді сыбайластарымен қосып, қатаң жазалау керек. Парламент депутаттары осы бастаманы қолдап, мәселенің оң шешім табуына атсалысады деп сенемін», деген еді.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2022
Жұқпалы ауру белең алып барады
Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мамандары өңірде жыл басынан бері 586 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулік ішінде тұрғындардың індет жұқтыру көрсеткіші 1,23%-ға өскенін мәлімдеді. Әсіресе, Қостанай мен Рудный қалаларында қауіпті індеттің тырнағына ілініп, аурухана төсегіне таңылып жатқандар көп.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2022
Шектеулер алынды деп, шектен шығуға болмайды
Кейінгі төрт күнде Атырау облысында коронавирусқа шалдыққандар саны күрт төмендеді. 30 қаңтарда COVID-19 инфекциясы 168 адамнан табылған. Ал 31 қаңтарда қауіпті вирустың белгісі 48 адамнан анықталып, 3,5 есеге азайған.
Ғылым • 02 Ақпан, 2022
Ғылымға бет бұрғандар қатары көбейіп келеді
Кейінгі жылдары мемлекет тарапынан жас ғалымдарға қолдау шаралары қарқынды қолға алынды. Бұған жас зерттеушілердің жобаларына арналған бөлек грант пен жыл сайын «Жас ғалым» жобасы аясында шетелдік ғылыми ұйымдарда тағылымдамадан өтуге берілген мүмкіндік дәлел бола алады. Соның нәтижесінде Қазақстанда кейінгі 2 жылда жас ғалымдардың саны көбейген.