Аймақтар • 02 Ақпан, 2020
Түркістанда «Қамқорлық» бағдарламасымен екі отбасы үйлі болды
Жуырда Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Қамқорлық» бағдарламасын ұсынғаны белгілі. Бағдарламаның мақсаты – өңірдегі тұрмыс деңгейі, әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасыларды анықтап, оларға тұрақты көмек көрсету. Бұл ауқымды міндетті облыс әкімдігіне, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағарламалар басқармасына, аудан, қала әкімдіктеріне және «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалына бірлесіп атқаруды тапсырды. Бастама жұртшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2020
Ақтауда қалаішілік жаңа жолдар қарқынды салынуда
Ақтау қаласында өткен жылы 520 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беру жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 611,1 мың шаршы метр тұрғын үй, яғни 4 100 пәтер қолданысқа берілді. Сонымен қатар қалаға қарасты, өткен жылы Приозерный-1 ауылы су және ішкі жолдардың құрылысы толық аяқталды. Жаңадан «Рауан» ауылы су, электр желісі және ішкі жолдарының құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек қала әкімі құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жолдарға тоқталды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 02 Ақпан, 2020
Садақ атудан ел чемпионаты басталды
4 ақпан күні Теміртау қаласында садақ атудан жабық ғимараттағы ел чемпионаты басталады деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2020
Ақтауда құрылыс 6,3 пайызға өскен
Есеп беру кездесуде Ақтау қаласының әкімі әлеуметтік сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Қоғам • 02 Ақпан, 2020
ДСМ елдегі вирусқа қатысты жағдайды мәлімдеді
Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 ақпанындағы Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды Facebook парақшасында жариялады.