Аймақтар • 25 Ақпан, 2025
Баспанасыз жүрген кез келген адам әуелі өз шаңырағына қол жеткізгісі келеді. Жұмысы жақсы адам қонысын ертерек қамдар, ал әлеуметтік осал топ өкілдері қайтпек? Осы ретте облыс орталығында 23 отбасына жаңа пәтердің кілті табысталды. Баспана бақыты бұйырғандар арасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырғандар, І, ІІ топтағы мүгедектер бар.
Тұлға • 25 Ақпан, 2025
Жазушы Бекежан Тілегеновтің қалам қуаты мен шығармашылық шеберханасынан белгі беретін «Қара жел», «Тұйық өмірдің құпиясы», «Сексен алтыншы жыл» романдары – тәуелсіздік жылдарының ширегінде оқырманға ой салған оқшау дүниелер. Осы шоқтығы биік туындылар хақында Әзілхан Нұршайықов, Қалихан Ысқақ, Мұхтар Мағауин, Тұрсын Жұртбай сынды сөз зергерлері де жылы лебіз арнағаны мәлім.
Өшпес даңқ • 25 Ақпан, 2025
Алаш қайраткерлеріне қатысы бар әр отбасының айрықша тарихын былайғы жұрт біле бермейді. Менің марқұм анам Гүлнар – таяуда ғана Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің жалпы редакциясымен шыққан 12 томдық «Алашорда ісі» атты жинақтағы негізгі тұлғалардың бірі, көрнекті ұлт қайраткері Хайретдин Болғанбайдың туған қызы. Нағашы әжем (яғни Гүлнар Хайретдинқызының анасы) Рахима Әкбарқызы – Алаш қозғалысына қаржылай жәрдемдескен, Ақмола қаласының қалыптасып-дамуына атсалысқан көпес Әкбар Халфиннің перзенті.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Спорттық гимнастикадан Германияның Котбус қаласында өткен Әлем кубогінің кезеңдік сайысы Милад Каримидің жарқын жеңісімен аяқталды. Еркін жаттығудың финалында ол 14,133 ұпай жинап, бас жүлдені олжалады. Күміс медальды жапониялық Кацуки Минами (13,666) иеленсе, үздік үштікті италиялық Никколо Вануччи (13,533) түйіндеді.
Өшпес даңқ • 25 Ақпан, 2025
Қалың елі қаһарманын еске алды
Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы әскери колледждің тәрбиеленушілері мен басшылығы аты аңызға айналған генерал Сабыр Рахымовтың туғанына 123 жыл толуына орай, сондай-ақ Жеңістің 80 жылдығы аясында бірқатар іс-шара өткізді.