Спорт • 25 Ақпан, 2025
Оңтүстік Кореяның астанасы – Сеулде өткен «Төрт құрлық біріншілігінде» Михаил Шайдоров алдына жан салмай, бас жүлдені олжалады. Кезінде аталған жарыста еліміздің спортшылары арасынан тек Денис Тен ғана топ жарған еді. Енді міне, араға 10 жыл салып, дәл сол қалада алматылық өрен даңқты жерлесінің жетістігін қайталады.
Әдебиет • 25 Ақпан, 2025
«Менің сені тапқаным қандай бақыт!»
Әрбір шығармашылық адамының өзіне тән дара, даңғыл жолы бар. Әркім өзінің шығармашылық әлеуетін әрқилы көрсетіп жатады. Бір қарағанда, кез келген ақынды айшықтап, бөлектеп тұратын өлеңдері бар болғанымен, кейде біз өмірде де, шығармашылық айдынында да қатар жүзген жұпты бір-бірінен бөліп жара алмаймыз.
Бокс • 25 Ақпан, 2025
Болгарияның бас шаһары – Софияда «Странджа» турнирінің жалауы желбіреді. Бір аптаға созылатын дүбірлі додада әлемнің бірқатар мемлекетінен келген белді боксшылар бақ сынайды. Солардың қатарында еліміздің ұлттық құрамасы да бар.
Спорт • 25 Ақпан, 2025
Швейцарияның Ленцерхайд қаласында әлем чемпионаты мәреге жетті. Жарыстың жалпыкомандалық есебінде Франция құрамасы алдына жан салмады. Олар 6 алтын, 2 күміс, 5 қола медальды олжалады.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2025
Биыл Ақтау қаласы – түркі әлемінің мәдени астанасы болып танылғалы алдағы іс-шараларға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Осы орайда, Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы-2025» жобасы аясында қалалық Абай атындағы мәдениет сарайына 2 автобус пен 1 «Газель» автокөлігі табысталды.