Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Өңірде ақпанның басынан бері асқынып кеткен қауіпті індет өткен аптада қайтадан бәсеңдей бастады. Мысалы, 1 ақпанда 586 адамнан COVID-19 анықталса, 18 ақпанда бұл көрсеткіш 97-ге дейін түсті. Алайда дәрігерлерді короновирус жұқтырып алып жатқан балалардың әлі де азаймай тұрғаны алаңдатады. 18 ақпанның өзінде 17 баладан КВИ белгілері анықталған.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2022
Сауда орындарының қауіпсіздігі сақталмайды
Қазіргі нарық заманына орай елдің көбі сауда жасап, күн көреді. Әсіресе қала ішіндегі қара базарларда халық тығыз орналасқан. Бәрінің де жан бағу, пайда табу сияқты мақсаты бар.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Бүгін даңқты боксшы Флойд Мейвезер 45 жасқа толды. Ширек ғасыр бойы шаршы алаңды армансыз шайқаған ол 50 рет жекпе-жекке шығып, барлығында жеңіске жетті. 27 қарсыласын есінен тандырды. Сөйтіп америкалық саңлақ спорттық мансабында бірде-бір рет жеңілістің кермек дәмін татпаған жер-жаһандағы санаулы ғана боксшылардың бірі ретінде тарихта қалды.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Екі отандасымыз – жартылай финалда
Болгарияның бас шаһары – Софияда өтіп жатқан бокстан «Странджа кубогының» іріктеу бәсекелері аяқталып, ширек финал жекпе-жектері басталды. Үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша екі жерлесіміз халықаралық турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Демек, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында кем дегенде екі қола медаль бар.
Спорт • 24 Ақпан, 2022
Паралимпиадаға баратындар белгілі
Санаулы күндерден кейін Қытай астанасы – Бейжіңде XIII Қысқы Паралимпия ойындарының жалауы желбірейді. Наурыздың 4-і мен 13-і аралығында өтетін кезекті дүбірлі додада әлемнің 50 елінен келген 700-ден аса спортшы бақ сынайды.