Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Құжаттары мінсіз, істері өнімсіз
Биылғы жылдың қыс айлары да аяқталып келеді. Қыстың аты - қыс. Оның бораны мен бұрқасыны, қары мен көктайғағы бір-бірімен алмасып келіп тұрады. Осындай табиғат құбылыстарынан кейін іле-шала тазалау жұмыстары, немесе көктайғақтың қатерін жою жөніндегі шаралар жүргізілмесе, тұрғындардың тайып жығылып, аяқ-қолын сындырып алуы әбден мүмкін. Солай болып та жүр. Оның алдын алудың басты бір жолы көшелердегі қарды тиеп, қаланың сыртына тасымалдау және мұздақтың үстіне құм, немесе тұз себу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу болмақ.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Жаңа жатақхана 288 студенттің баспана мәселесін шешеді
Талдықорған қаласындағы «Қаратал» шағын ауданы аумағында салынып жатқан жастар жатақханасы жақын күндері қолданысқа беріледі. Жаңа нысан 288 студенттің баспана мәселесін бірден шешетін болады.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматыда жаңа автобус бағыттары іске қосылды
Алматыда №215 және №226 автобус бағыттары іске қосылды. Бірінші бағыттың арақашықтығы 40, ал екінші бағыттыкі 14.3 шақырымды құрайды деп хабарлайды inAlamty.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Алматы облысы: Жабық бассейн құрылысы аяқталуға жақын
Талдықорғанда ТМД аумағында теңдесі жоқ жабық жүзу бассейнінің құрылысы жүріп жатыр. Күніне 750 адамға бірден қызмет көрсететін бассейн қаланың көрікті де көрнекті нысандарының бірі болмақ.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2020
Шымкентке келген туристерге еріктілер жол бастайды
Биыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы атануына орай шетелдік қонақтармен тікелей жұмыс жасайтын еріктілердің кәсіби даярлығы ерекше маңызға ие. Осы мақсатта «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасына волонтерларды даярлау мақсатында «Қазақстан волонтерлар лигасы» қоғамдық қоры мен Шымкент қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ арасында ынтымақтастық меморандумы түзілді.