Руханият • 25 Ақпан, 2021
Қыран құстар бизнестің құрбанына айнала бере ме?
Құсбегілер саятшылық өнердің дамуы кенжелеп қалды деп алаңдайды. Тәуелсіз еліміздің Көк туында қанат қаққан киелі қыранды бүркітшілер томаға кигізіп емес, темір торда алып жүруге мәжбүр. Ал облыстар мен аудандарда ашылған спорт мектептеріндегі «Құсбегілік» бөлімінде балалардың білім алуына жағдай жасалмаған. Бүгінде бабадан қалған бағзы өнерді сақтап, оны келешек ұрпаққа насихаттау мақсатында саятшылық өнер республикада ұлттық спорт түрі ретінде дамып келеді.
Тарих • 25 Ақпан, 2021
Үтіртөбе қаласы археологиялық картаға енгізілсе...
Ортағасырлық Үтіртөбе қаласының ескі жұрты Түркістан облысының Жетісай ауданындағы Үтіртөбе ауылынан 12,1 шақырым солтүстік-шығыста, Сырдария өзенінің сол жағасынан оңтүстікте 2 шақырым жердегі Сорөзектің жағасында орналасқан. Қаланың ежелгі аты жазба деректерде кездеспейді. Сырдария өзенінің бойында осы Үтіртөбеге ұқсас ортағасырлық 40 қаланың орны бар деген дерек те кездесіп қалады. Демек, біз сөз етіп отырған Үтіртөбе – Сыр бойындағы қырық қаланың бірі.
Туризм • 25 Ақпан, 2021
Жалған турагент жауапқа тартылды
Оралдық ерлі-зайыпты өткен жылы шетелге қыдырып қайтпақ болып, туристік агенттікке ақысын төлегенімен, соңы сергелдеңге айналған. Жақында сот алаяқ турагентті жазаға тартты.
Медицина • 25 Ақпан, 2021
Құлағының мүкісінен құтылғанына қуанышты
Мұхтар бар болғаны 32 жасында сол құлағынан айырылып, оң құлағымен ғана еститін болған.
Оқиға • 25 Ақпан, 2021
Ардан аттаған алаяқтар аңқау елді сан соқтырып жүр
Толғауы тоқсан, қым-қуыт тірлігі мол бүгінгі қоғамда ардан аттап, адал жандарды алдап жүрген алаяқтар аз емес. Мәселен, облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, соңғы жылдары сот өндірісінде қаралатын қылмыстық істің көбі алаяқтыққа байланысты болып отыр. Өйткені алаяқтар «Аңқау елге арамза молданың» керімен алдап-арбаудың алуан тәсілін меңгеріп алған.