Спорт • 25 Ақпан, 2021
Алаш жұртының әлемде атой салған чемпиондары аз емес. «Egemen Qazaqstan» газеті ақпан айында тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде биік тұғырдан көрінген ондаған Олимпиада, жүздеген әлем чемпионы мен жүлдегерін оқырман назарына ұсынды. Ал осындай толағай табыстардың ар жағында шәкірттерін қырандай баптап, аламанға қосатын жүздеген бапкердің еңбегі жатқаны cөзсіз. Спортшыларды жоғары деңгейде баптаған жаттықтырушылардың арқасында халықаралық жарыстарда елдің Әнұраны орындалып, көк тудың желбірейтіні сөзсіз. Сондай-ақ бапкерден бөлек тәуелсіздік алғаннан бастап бүгінгі күнге дейін спорттың дамуына үнемі қолдау көрсететін, Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ еңбегін ерекше атап кеткен жөн. Тұңғыш Президенттің спортқа деген қамқорлығының арқасында жерлестеріміз жаһандық сайыстарда олжа салып, әлемдік қауымдастық алдында Қазақстанның абыройы мен мәртебесін асқақтатып келеді.
Парламент • 25 Ақпан, 2021
Көрнекі ақпарат қатесіз жазылуы тиіс
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2021
Business Ertis бағдарламасы қолдау көрсетеді
Жуырда еліміздің Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері Business Ertis бағдарламасы шеңберінде облысқа жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында олар өңірлік экспорттық кеңестің отырысына қатысып, Павлодар мен Екібастұз қалаларында бірқатар өнеркәсіптік және тағам өндірісі кәсіпорнын аралады.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2021
Жоғымызды іздейтін жанашырларымыз бар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасының жетекші саласы – ауыл шаруашылығын көтеруге, соның ішінде ата кәсібіміз мал өсіруге әрдайым ерекше назар аударғандықтан, елде төрт түліктің барлық түрі көбейді. Мемлекет қолдауының арқасында ауылдарда шаруашылық құрып, мал ұстап отырғандар көп. Ондайлар қала айналасында да аз емес.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2021
«Сардоба» апаты біздің бірқалыпты тіршілігімізді басқа бағытқа бұрды, қиындығымен қатар, көп нәрсені терең ұғындырды. Мақтаарал ауданы Жеңіс ауылында дүниеге келіп, күні кешеге дейін сонда өмір сүрдім. Өстім, өндім, отбасын құрдым. Қазір 4 баланың әкесімін. Бауыр басқан, кіндік қаным тамған ауылымнан басқа жерге көшу ешқашан ойыма келген емес-ті. Ертеңімді, ұрпағымның болашағын да өз ауылыммен байланыстыратынмын. Алайда...