Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

Аталған мәселе жөнінде баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, заң жобасында деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазуға басымдық берілмек. Сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің тең түпнұсқалы
аудармасын (аутентичность) сақтап отырып жазу, «мәтіннің тең түпнұсқалы аудармасы» деген ұғым енгізу қарастырылған.
«Көрнекі ақпарат құралдарына баннерлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнама, баға көрсеткіштері секілді елдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдайға әсер ететін маңызды құралдар жатады. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазу талабы қазақ тіліндегі мәтіндердің сапалы жазылуына, орфографиялық қателерге жол бермеуге бағытталған. Деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерінің тең түпнұсқалы аудармасын сақтап отырып жазу талабы қоғамда екі тілде (қазақ және орыс тілдеріндегі) берілген мәтіндердің мағыналық, мазмұндық жағынан сәйкес келмеуі фактілерін жоюға бағытталып отыр. Көрнекі ақпаратты ашық кеңістікте және ғимараттар ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен қатар кез келген кәсіпкерлік субъектілері жүзеге асыра алады. Кәсіпкерлік субъектілері көрнекі ақпаратты өз өнімі мен қызметін ілгерілету құралы ретінде пайдаланады.
Мемлекеттік органдарға азаматтардан көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шағымдар көптеп түсіп отыр. Осы орайда мемлекеттік тілдегі көрнекі ақпараттың болмауын азаматтар Конституцияның 14-бабында бекітілген өз құқықтарына қысым жасау деп санайды. Көрнекі ақпаратқа қатысты заң бұзушылықтар бойынша мемлекеттік органдарға 2018 жылы – 12 886 өтініш, 2019 жылы 12 900 өтініш келіп түскен. 2020 жылы көрнекі ақпараттар бойынша жедел желіге (call center-лерге) келіп түскен шағымдар саны – 3442», деді министр.
А.Райымқұлованың сөзіне сүйенсек, аталған проблемаларды шешу мақсатында заң жобасы аясында Қазақстан Республикасының 13 заңнамалық актісіне түзету енгізу көзделіп отыр. Осы құжат арқылы мемлекеттік тілдің көрнекі ақпаратта міндетті түрде қолданылуын қамтамасыз ету қарастырылған. Сондай-ақ деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндерін орфография нормаларына сәйкес жазуды қамтамасыз ету, мәтіндердің екі тілде тең түпнұсқалылығын сақтап жазуды қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Жалпы, отырыс барысында депутаттар Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы бірқатар құжатты ратификациялады. Аталған заң жобалары жөнінде баяндама жасаған Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, Қазақстан мен Солтүстік Македония арасындағы қылмыстық сала мәселелері бойынша шарттардың толық пакеті әзірленген. Ең әуелі адамдарды ұстап беру туралы шарт талқыланды. «Қаралып отырған шарт адамдарды ұстап беруге арналған. Бұл құжат іздеуде жүрген адамдарды қылмыстық жауапқа тарту және сот үкімін орындау үшін экстрадиция мәселелерін реттейді. Құжатта ұстап беру және одан бас тарту негіздері бекітілген. Шарт бойынша, ұстап беруге сұрау жолданған кезде тараптардың заңына сәйкес қылмыс саналған әрі ол үшін кемінде бір жыл бас бостандығынан айырған немесе өзге қатаң жаза көзделген қылмыстар жатады. Мынадай жағдайларда ұстаудан бас тартылады. Тараптардың заңнамасы бойынша жасалған қылмыс үшін өлім жазасы көзделсе, іздеудегі адам ақталған болса немесе оған қатысты қылмыстық қудалау тоқталса сұраныс қанағаттандырылмайды. Сұратып отырған адам тараптардың азаматы болса, әдеттегі қылмыстық құқыққа сәйкес қылмыс болмайтын әскери қылмыс жасаса да бас тартылады. Сондай-ақ адамның нәсілі, діні, жынысы, ұлты, саяси көзқарасы үшін айыптау немесе оның сотталуы мүмкін деп болжам туындағанда да қайтарылмайды», деді М.Ахметжанов.
Бұдан кейін екі ел арасындағы сотталған адамдарды беру туралы мәселе қаралды. Бас прокурор орынбасарының сөзіне қарағанда, құжат Конституция бекіткен мемлекеттің шетелде жүрген азаматтарын қорғау міндетін орындауға бағытталған. «Елімізден тыс жерде қылмыстық жауапқа тартылып, сотталған азаматтарға туған жерінде жазасын өтеуге мүмкіншілік береді. Құжаттың келесі тағы бір маңызы, туған-туыстарынан қол үзбей, әлеуметтік қайта бейімдеуге оң ықпал етеді. Сондықтан Бас прокуратура шетелде қылмыстық жауапқа тартылған азаматтарды қайтарып, елімізде жазасын өтеуге жағдай жасайды. Сотталғандарды беру үшін ол адам екі елдің бірінің азаматы болуға тиіс. Екі елде де қылмыс болып саналатын әрекет үшін сотталса, жазасын өз елінде өтей алады. Сонымен қатар сотталған адамның жазбаша келісімі керек. Бұдан бөлек құжатта сотталған адам берілмейтін жағдайлар айқындалған», деді М.Ахметжанов.
Сондай-ақ қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт та ратификацияланды. Құжат екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттырады. «Шарт қылмыстық саладағы өзара көмек беруді көздейді. Негізінен, күдікті мен айыптының кінәсін дәлелдеуге бағытталған тиісті әрекеттерді қамтиды. Осы ретте екі елдің құзырлы органдарына тергеу амалдарын жүргізуге құқықтық көмек береді. Құжатта қамауда отырған адамдарды уақытша беру, тінту, заттарын тәркілеу, сараптама жүргізу, жауап алу, ақпарат және басқа тергеу амалдары қамтылған. Бұл келісімде көрсетілген барлық тергеу әрекеттері біздің заңнамамызда бар. Шарт құқықтық көмек көрсетуден бас тарту үшін негіздерді де көздейді. Құжатты ратификациялау екі елдің қылмысқа қарсы күрестегі ынтымақтастығының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Шарт міндетті түрде ратификациялауға жатады, өйткені ол адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты. Жалпы, еліміз осындай шартты 27 мемлекетпен бекітті. Оның арасында Қытай, Ұлыбритания, АҚШ секілді елдер бар», деді М.Ахметжанов.
Депутаттар екінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы заңға түзету енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады.
«Заң жобасында Жоғарғы соттың жұмыс істеп тұрған мамандандырылған сот алқасын тарату және әкімшілік істер бойынша сот алқасын құру ұсынылады. Облыстық соттарда да тиісті сот алқалары құрылатын болады, бұл өңірлерде істерді бөлуге байланысты үнемі өзгеріп отыратын жағдайға уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді. Заң жобасында ұсынылып отырған нормалар әкімшілік әділетті енгізудің бастапқы кезеңінде жүктемені тең бөлуге, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтар мен жария даулар туралы істерді қарау жөніндегі сот практикасының аражігін ажыратуға мүмкіндік береді», деді депутат Қанат Мусин.
Отырыс барысында депутаттар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның жобасына Сенат енгізген өзгеріспен келісті.
Сондай-ақ жалпы отырыста Мәжілістің комитеттері бірнеше заң жобасын жұмысқа алды. Атап айтқанда дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері, ЕАЭО туралы шартқа Арменияның қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау, сондай-ақ ЕАЭО туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты бірқатар халықаралық құжатты ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.
Отырыс соңында Мәжіліс депутаттары мемлекеттік орган басшыларына депутаттық сауалдар жолдады.
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Өскеменде жаңа үйлердің сапасы сын көтермей тұр
• Бүгін, 16:04
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Оқиға • Бүгін, 07:34
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 07:30
Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді
Білім • Бүгін, 07:28
Құбырдағы судың сапасы қандай?
Қоғам • Бүгін, 07:28
Қоғам • Бүгін, 07:24
Қоғамдық көліктегі қордаланған мәселе
Аймақтар • Бүгін, 07:24
Мықты аймаққа – мықты университет
Білім • Бүгін, 07:23
Малын бағар жайылымы жоқ шаруа қайтіп күн көрер?!
Қоғам • Бүгін, 07:20
Ұқсас жаңалықтар