...Жастар театрының ат шаптырым залында ноқаттай ғана қарайған бейне көзге шалынды. Иығына түскен шашын салалап қойып, терең ойдың құшағында отыр. Тіпті жанына жақындап барсаң да, селт етер емес. Бар ойы мен назары – сахнадағы актерлер ойынында. Кешке премьера!
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Жастары-2018» ұлттық баяндамасының таныстырылымы өтті. Құжатта жас буынның саяси-қоғамдық үдерістерге қатысу деңгейі мен мемлекеттік жастар саясатының нәтижелілігін арттыру мәселелері қарастырылған.
«Нұр Отан» партиясы жиырма жылдың ішінде еліміздегі жетекші партияға айналды. Өзінің ел ішіндегі жақсы істерді ұйымдастыру, бірлікке үндеу және тыңнан түрен тартқан бастамашыл болуы арқылы жалпақ жұрттың сенім артар тірегі болып отырғандығы баршаға белгілі.
Жастарға қамқорлық жасаудың жаңа қадамы
Биылғы 27 ақпанда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезі өтеді. Съезде «Әл-ауқатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты партияның 2030 жылға дейінгі жаңа бағдарламасы қабылданады деп күтілуде. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры Махметғали Сарыбековпен сұхбаттасқан едік...
Сарыкемер ауылы әлі ауызсусыз отыр
Жамбыл облысының Байзақ ауданы Сарыкемер ауылының тұрғындары әлі күнге ауызсусыз күнелтіп келеді. Ауданда талай жобалар қолға алынып, іске асырылғанымен, дәл осы су мәселесі шешілмей-ақ қойды. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындары үшін ауыз су талай жылдан бері түйіні тарқамаған көкейкесті мәселеге айналды. Шағын да емес, аудан орталығы саналатын Сарыкемер ауылының өзінде қазіргі кезде 30 мыңнан астам халық тұрады. Яғни, облыстағы ауқымды ауданның бірі.