Сұхбат • 22 Ақпан, 2025
Роза РЫМБАЕВА: «Елден келді» деп ерекше құрметтеді
Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері Роза Рымбаева алғаш рет Моңғолия еліне сапарлап қайтты. Алыстан ат арытып жеткен қадірлі қонағын ұшақтан түсе құшағын жая қарсы алған жұрттың ықыласы аптаға жуық жалғасты. Атажұрт пен алыстағы ағайынның арасын әнмен жалғап, алтын көпір болған Роза Қуанышқызы 4-8 ақпан аралығында Баян-Өлгей аймақтық музыкалық драма театрында үш концерт, Ұланбатырдағы 1300 орындық Орталық мәдениет сарайында үлкен концерт қойып, қандастарды бір серпілтті. Мәдениеті ұқсас, тіршілік-тұрмысы ортақ, қоян-қолтық араласып отырған елде мамыражай өмір сүріп жатқан қаракөз бауырлардың ортасында өткен ұмытылмас күндер туралы Роза Рымбаева мен осы сапардың басты ұйымдастырушысы, ақын, композитор Ясира Заханқызы редакциямызға арнайы келіп, айтып берді...
Тұлға • 22 Ақпан, 2025
Қазақ даласын күйімен тербеген
Биыл – Қазақстанның Халық әртісі, күйші-композитор, дирижер, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанын 100 жыл. Осыған орай Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен Қонаев қалалық мәдениет үйінде өнер тарланының ғасыртойына арналған салтанатты іс-шара бастау алды.
Мирас • 22 Ақпан, 2025
Оның кітабын тұтас оқып бітпей, екі-үш өлеңін сүзіп шыққаннан кейін-ақ қаның тулап қоя беретіні, кеудеңде әлдебір сезім күмбір-самбыр етіп шыға келетіні несі екен? Егер оқырманның өзі қолына қалам ұстайтыны бар ма, онда осы ақынша тебіреніп кететіні анық. Өйткені бұл – өлеңі де мінезді, өмірі де өзгеше Сағат Әбдуғалиев.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Сексен көлді омырауына сексен моншақ етіп таққан сулы, нулы өңірде ауызсу мәселесі әлі де түбегейлі шешімін таппай келеді. Өңірдегі 788 396 адам тұратын 604 елді мекеннің 393-і ауызсуды су құбыры арқылы пайдаланады. 193 елді мекеннің тұрғындары орталықтандырылмаған суды қанағат тұтады.
Руханият • 22 Ақпан, 2025
Халқымыз жылқы түлігін «Ер қанаты – ат» деп әспеттеген. Бабаларымыз жылқы түлігін асылдандыру арқылы оны түр немесе түске бөліп дамытқан. Осындай қазақ жылқысының бір түрі – қазанат. Мысалы, Махамбет жырау «Арғымақтан туған қазанат», «Қазанаттан туған қазмойын», деп жырласа, қырғыз халқының эпосы «Манаста»: «Айқай шықса саспаған, Ай қараңғы түндерде, Аяғын ағат баспаған, Қарабайыр қазанат...» деген жолдар бар. Осы орайда, қазақтың төл жылқысы қазанат тарихын зерттеп жүрген тұлғаның бірі – жазушы-журналист, қазанаттанушы Сәдібек Түгел.