Салық • 22 Ақпан, 2025
ҚҚС: Блогерлер берешегі қалай реттеледі?
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, 600-ге жуық блогердің жылдық табысы 20 мың айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түскен. Мұндай жағдайда олар қосылған құн салығын төлеуге міндеттеледі. Ресми дерек бойынша, мамандар декларация тапсырған 594 тұлғаның табысына қатысты деректерді салыстырған. Бақылау нәтижесінде 53,3 млрд теңге сәйкессіздік бары анықталып отыр.
Инвестиция • 22 Ақпан, 2025
Инвестициялық ахуалды жақсарту – басым бағыт
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысында халықаралық бизнес қоғамдастықтығының Қазақстан Үкіметімен өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды.
Үкімет • 22 Ақпан, 2025
Өндірістегі қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Атырау облысында екі ауылдың тұрғындары алкогольдік ішімдіктен бас тартты. Екеуі де – шағын елді мекендер. Алтын бесігінен ірге көтермей отырған қандастар ұрпағының болашағы үшін осындай игі істі қолға алды.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Ақпан, 2025
Жетісуда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қолға алынып жатқан түрлі жобалар аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуен мәдени іс-шаралары басталды. Ауыл-аймақтағы мамандық иелерін қанаттандыру мақсатындағы жоба барысында тұрғындар аудан орталығына жиналып, өз топырағынан шыққан еңбек майталмандарының ерлігін насихаттайды. Арнайы көрмелер ұйымдастырылып, мәртебелі мамандардың еңбегі айшықталады.