Жұмысшы мамандықтар жылы • 22 Ақпан, 2025

Еңбекпен ер атанған

308 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісуда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қолға алынып жатқан түрлі жобалар аясында «Еңбекпен ер атанған» көш керуен мәдени іс-шаралары басталды. Ауыл-аймақтағы мамандық иелерін қанаттандыру мақсатындағы жоба барысында тұрғындар аудан орталығына жиналып, өз топырағынан шыққан еңбек майталмандарының ерлігін насихаттайды. Арнайы көрмелер ұйымдастырылып, мәртебелі мамандардың еңбегі айшықталады.

Еңбекпен ер атанған

Суретті түсірген – Дмитрий ЕРОФЕЕВ

Облыстық мәдениет, ар­­­­хивтер және құжаттама бас­­­­қар­масының ұйым­дас­ты­руы-мен қолға алынған іс-шара­да еңбектің құндылығын ұғындыратын кітаптар мен суреттер көр­месі өтті. Одан бө­лек, музей жәдігерлері­нен көрмелер қойылып, кон­­церттік бағдар­ламалар ұсы­нылды. Бүгінге дейін осын­дай көш керуен Ескелді, Көк­су аудандарында болып өтті. Іс-шара барысын­да Қа­рабұлақ, Бал­пық би ауыл­да­рындағы мәде­ниет үй­лерін­де С.Сейфул­лин атын­­дағы облыстық орталық кітапхана «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты кі­тап көрмесін ұйымдастырды. Әдебиеттегі еңбек адамы­ның бейнесін ашатын көр­кем шығармалар да көрме­ден табылды. Көш керуен­нің қорытындысында конференция ұйымдастырылып, еңбек адамдарына арнал­ған журнал шығарылады деп жоспарланып отыр.

ап

«Жо­баның мақсаты – еңбек адам­дарының же­тістікте­рін дәріптеу, қоғам­дағы рөлін кө­теру, еңбек адамдарының өмірлік жолын әдебиет, өнер туындылары арқылы таныту. Сол арқылы жастарды еңбек­ке, адалдыққа, жауапкерші­лік­ке тәрбиелеу, аймақтың ең­бек дәстүрлерін жаңғырту әрі сақтау, жұмысшы ма­мандықтарының тарихы мен заманауи мүмкіндіктерін та­ныстыру», дейді Халық шы­ғармашылығы орталығы­ның маманы, ақын Жангелді Немеребаев.

 

Жетісу облысы