Театр • 22 Ақпан, 2024
Әлемді билеген қолбасшылар мен әміршілер туралы жазылған өнер шығармасы ешқашан жерде қалмайды. Шыңғыс хан қылышын ұстап, сахнаға шықса, көрерменді де елең еткізетінін режиссер жақсы біледі. Себебі әміршілерді арқау еткен пьесада ел мен жердің өзекті мәселесін еркін әңгімелеудің мүмкіндігі мол. Бұл – қызық тақырып. Сегіз жүз жыл бұрын мәмлүктердің арасынан суырылып шығып сұлтан болған Бейбарыстың да даңқ-дақпырты ұлы қағандардан кем емес. Мысыр елін жүйелі басқарған, даңқы жер жарған ұлы тұлға мұсылман баласының басын біріктіріп, үлкен жеңістерге жетелегені күні бүгінге дейін халық аузында аңыз болып тұр. Түркі текті Бейбарыс сұлтан туралы көркем шығармалардың жыл сайын жаңа интерпретациямен толығуы – театр режиссурасы үшін драматургиялық айрықша ізденіс.
Зерде • 22 Ақпан, 2024
Ұлт мүддесі біріктірген күрескерлер
Түркістан өлкесінің қос тумасы Сұлтанбек Қожанов пен Тұрар Рысқұлов бір жылда туып (Сұлтанбек – 1894 жылдың күзінде, 10 қыркүйекте, Қаратау баурайындағы Ақсүмбеде, ал Тұрар сол жыл аяғында, 26 желтоқсанда, Алатау баурайындағы Бесағашта туған еді), дүниені дүр сілкіндірген өзгерістер заманында ұлт болашағын күйттеген күреске толы белсенді ғұмыр кешті де, екеуі бір жылда, бір күнде – 1938 жылғы 10 ақпанда Мәскеуде атылды.
Тарих • 22 Ақпан, 2024
«Мәдениет және тұрмыс» журналында істейтінмін. 1987 жылғы тамыздың 23 жұлдызы күні Қызылордаға қарай іссапарға шықтым. Тоқсан алты жастағы большевик Насреддин Тасымовпен кездесуден көп жаңалық күтіп бара жатыр едім…
Таным • 22 Ақпан, 2024
Испан философы Хосе Ортега Гассет «Өнердің дегеманизиялануы» еңбегінде өнердің ХХ ғасырға дейін ғана жалпыға түсінікті болғанын айта келіп, кейінгі жүзжылдықта оның этика және эстетикалық сипатынан ажырай бастағанын баяндайды. Бұрынғы заманда аса қатты бағаланатын сұлулық, ізгілік секілді адами қасиеттер жаңа дәуірдің талғам таразысында мүлдем салмағы болмай шықты. Классикалық өнер иелерінің адам эмоциясымен ойнау тәсілін модернистер әйнек бетін қасақана қырнағанда автоматты түрде туатын тітіркенуге ғана балап, оны барып тұрған әділетсіздікке балады. Осы арқылы олар өз туындыларын ойын ретінде ғана қабылдап, онда ешбір адами сезімді, тіпті адамның өзін көрсетпеуді мақсат тұтты. Ал Х.Гассеттің «Адамшылық аяқталған жерден ақындық басталады» деген пікірі санаңызды тіптен сапырып түсуі мүмкін. Енді ойланып көрейікші. Қазіргі қазақ әдебиетінде де белең алып жатқан осы үдеріс адамзат санасының жаңа дағдарысына әкеліп соқпай ма екен?
Әдебиет • 22 Ақпан, 2024
Жазушы Тынымбай Нұрмағамбетовтің «Мешкей» романы ел тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы халық тұрмысындағы орын алған жағдайлар мен елдің ертеңіне сенбейтін құлдық құрсаудан әлі арыла алмаған жүйені, сондай-ақ бар мақсатын ақша табуға арнаған адамдар бойындағы ашкөздік, тойымсыздық сынды пиғылдарды суреттейді. Роман идеясы бас кейіпкер Алыпхан образына жинақталып жеткізіледі.