Өнер • 22 Ақпан, 2024
Иуданың белгі беруі қалды. Жендеттер сол сәтте тап бермекші. Міне, ол оны сүйді. Қас қаққанша жендеттің біреуі жағасынан шап беріп үлгерді. Қазір оны тұтқындайды. Адамзаттың алапат қайғыға душар болғанын ұққан Иоанн шыңғырып сала берді. Иса Мәсіхті өлім жазасына кеспекші...Осы оқиға әйгілі итальян суретшісі Микеланджело Караваджоның «Иуданың сүйісі» картинасында көрініс табады. Кескіндеме өнерінің жауһарына айналған картина несімен ерекшеленеді? Суретшінің жасырған жұмбағы неде?
Кино • 22 Ақпан, 2024
Оның көркінен бұрын көзі ойнап тұрады. Ал күлкісі ше? Күні бүгінге дейін Әминаға ажар берген күлкінің құпиясы ашылған жоқ. Себебі онда сиқыр бар. Сенбесеңіз, Шәкен Аймановтың әйгілі «Тақиялы періштесіне» тағы бір мәрте ден қойып көріңізші. Сондағы Тана әжейдің бейнесін тамсанбай тамашалау мүмкін емес. Ал күлкісі – классика!
Спорт • 22 Ақпан, 2024
Париж Паралимпиадасы-2024: Әзірге 10 жолдама бар
Бүгін Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық штабы Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы мен Ұлттық Паралимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті. Жиын барысында жеңіп алған лицензиялар саны, медальдық жоспар, спорттық форма үлгісі, оқу-жаттығу жиындары, ақпараттық қолдау көрсету және одан да басқа дайындық мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz csp_ parasport.kz инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
Поэзия • 22 Ақпан, 2024
Ақ киік, жез киік, қызыл киік туралы аңыз көп ел ішінде. Тек қазақ даласына тән жануар болған соң аңызымен қоса күйі де, әні де мол. Поэзиялық, прозалық шығармалар қаншама. Осылардың арасында алғашқылардың бірі болып құлаққа шалынары көнеден келе жатқан күйлер, олардың арасында Ықыластың «Жезкиігі» болса керек. Құрманғазы шалған «Ақсақ киіктің» жөні басқа. Теріс бұрауда тартылатын Ықыластың «Жезкиігі» қандай кең арналы күй болса, соғұрлым аңыз-әңгімесі де мол.
Құқық • 22 Ақпан, 2024
Өткен аптада Қытайдың «iSoon» компаниясының деректер базасы бұзылып, құпия құжаттардың қолды болғаны белгілі болды. Ақпараттар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен. Солардың арасында біздің ел азаматтарының да деректері жүр. Бұның қалай болғанын жауапты мекеме тексеріп жатыр.