Экономика • 22 Ақпан, 2023
Қайтарылмаған қарыз: Коммерциялық банктер Үкімет алдындағы берешегінен құтыла ма?
«Қарыз уақытында қайтарылуымен құнды» деген ұғымды нарық та құп көреді. Қарыз кестесінен бір күн кешіксек, клиентке ескертудің жүз тәсілін меңгеріп алған екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) 2009 жылдан бері Үкіметтен триллиондаған теңгені 1 пайызбен қарызға алып, қайтаруды естен шығарып алған сияқты.
Инфографика • 22 Ақпан, 2023
Азық-түлік қауіпсіздігі: Бағаны тұрақтандыру – басым бағыт
Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың ұдайы жүргізіп жатқан іс-амалдарына қарамастан, баға үстемдігі басымырақ болып тұр. Жұртшылық азық-түліктің, басқа да күнделікті тұтынатын тауарлардың қымбаттап бара жатқанына алаңдаулы. Осы ретте бағаның өсуіне әсер етіп отырған факторлар, оны тұрақтандыру мен қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін қабылданып жатқан жаңа тетіктер төңірегінде Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас сарапшысы Әсел ӘБЕН ой-пікір білдірді.
Қаржы • 22 Ақпан, 2023
Қор нарығы теңгені қоңдандыра ма?
Жыл басталғалы екінші деңгейлі банктер мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына ерекше ықылас таныта бастады. Қаржы сарапшылары осыған дейін қор, инвестиция нарығындағы ойыншылардың банкпен немесе банктердің олармен интеграциялануға ықылас танытқан кезі аз болғанын айтады. Ең алғашқы белгі 2010 жылдан бері қазақстандық нарықта жұмыс істеп келген «Freedom Holding Corp» тобының шағын ғана «Банк Kassa Nova» АҚ-ны Forte Bank-тен сатып алған кезінде байқалды. Бірер жыл өткенде ол «Банк Фридом Финанс Қазақстанға» айналды. Қазір біздің елде 16 банктің бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар.
Өндіріс • 22 Ақпан, 2023
Пальма майына тәуелділіктен қалай арыламыз?
Агроөндірістік кешеннің бірі саналатын май өнімдеріне сұраныс артқан сайын, оған қойылған баға да үздіксіз шарықтау үстінде. Май өнімдерін өндіруде оны дайындау құрамы, тасымалдау мен сақталуы қалай жүзеге асады? Қазақстанда 23 млн гектардан тұратын егістік көлемінің 3 млн алқабына майлы дақылдар егіледі. Бұл аумақ Орталық Азия елдеріндегі аталған егістіктің 90%-ын құрап отырған көрінеді. Елімізде осы өнімді өңдейтін ірілі-ұсақты 52 кәсіпорынның жылдық қуаты 2 млн тоннадан асады. Сөйте тұра кейбір қажетсіз май өнімдерін сырттан сатып алу отандық өндірушілердің көңілін көншітпейді.
Қоғам • 22 Ақпан, 2023
Тағдырдың ауыртпалығына мойымай, алдағы күннен жақсылық күтіп жүрген жарымжан балалардың анасы Әсия Төрениязова Талғар қаласына 2010 жылы Қарақалпақстаннан қоныс аударған екен. Үш баламен көшіп келген отбасы бірден тұрғын үйдің кезегіне тұрады.