Білім • 22 Ақпан, 2022
Ресей ЖОО-ларының филиалдары не үшін қажет?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде жаңа Үкіметтің алдына қойған маңызды міндеттердің ішінде жоғары білімнің қолжетімділігі де көкейкесті мәселе екеніне ерекше тоқталып: «Жаңа экономика құру үшін ЖОО-ның бәсекеге қабілетін арттыру маңызды. Таяуда Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу басталды. Жақын арада Ресейдің үздік техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарланып отыр. 2025 жылға қарай елімізде беделді шетелдік жоғары оқу орындарының кем дегенде 5 филиалын ашу қажет деп есептеймін. Осы орайда екі техникалық бағдарланған филиал еліміздің батысында болғаны жөн», деген болатын.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
Сартап дала, жусанды қырдың сыбдырымен сырласып өскен Қуандық Шолақ шын мәнісінде қаланың емес, даланың ақыны. Иә, ол ауылда, далада өскен ақын екені рас. Бәлкім, содан да шығар, ақынның шығармалары – таудың, құмның, даланың, бастысы табиғаттың көркем құбылыстарымен үндесіп, тілдесіп тұрғандай болады. Жүрегін жыр жолдарымен әлдилеген Қуандық қазақтың кестелі тілін мықтап меңгерген. Ол – табиғат тамыршысы.
Пікір • 22 Ақпан, 2022
Шаршы метрге байланған шаңырақ
Былтыр елімізде 48 002 отбасы ажырасыпты. Айырылысқандар сол жылы тіркелген 90 873 некенің 53 пайызын құрайды. Бұл – негізі азайғаны. 2019 жылы 60 мыңға жуық шаңырақ шайқалған. Бұған әртүрлі себеп бар шығар. Бірақ енді ғана шаңырақ көтерген жұпқа ең алдымен не керек? Әрине, баспана қажет. Қазір көп жас отбасына 1 шаршы метр де арман болған. Неге?
Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Тиімсіз делдалдыққа тоқтау салынса игі
Ресми статистика отандық нарықтағы инфляция өсімін қалыпты деңгейде деп көрсеткенімен, бағаның құбылуы бұқараның қалтасына салмақ салып отырғанын ашық айтуымыз керек. Қазір ел Үкіметі нарықтағы баға тұрақтылығын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда тұтыну тауарларының құны арзандар емес. Керісінше, аймақтарда құнның күрт көтерілуі, әсіресе азық-түлік тауарлары бағасының өсуі байқалуда.
Қазақстан • 22 Ақпан, 2022
Қазақ – сөздің парқын білген халық. Сол арқылы адамның да нарқын айырып, бағасын берген. Қазақ сөзге тоқтаған халық еді. Сөздің астарын түсінбеген, бетімен сөйлегенді бәлдір-батпақ, сарала-сатпақ деген. Сөз үдесінен шықпағанды, уәдесінде тұрмаған шалағайды шалды-бұтты деген. Сөздің сұрауы болады, сұраусыз сөз жоқ, оның сұрауы антты ақтау секілді дейтін көнекөздер.