Қазақстан • 22 Ақпан, 2023
Қазақстан Pfizer компаниясымен ынтымақтастықты дамытады
2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жасаған сапары барысында «Pfizer» компаниясымен қол қойылған Ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропа, Азия және Африка бойынша өңірлік директоры Озгур Язиюрт бастаған «Pfizer» делегациясымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2023
Шектеулі мүмкіндіктің шетін мәселесі
Мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдемақы беру жүйесін әлі де жетілдіру керек. Онсыз да ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға медициналық әлеуметтік сараптамадан өту үшін құжат жинау қиындық тудырып отыр. Қамкөңіл жандар бітпейтін кезектен қажып, мүгедектікке шығу үшін амалсыз жемқорлыққа жем болса, енді бірі комиссияның бітпейтін тексеруінен жүйкесі сыр беріп жүр. Денсаулығы жарамсыз болса да соған сай мүгедектік тағайындалмай, тиісті жәрдемақысын ала алмай жүргендер қаншама?
Өнер • 22 Ақпан, 2023
Ел астанасында енді балалар ғана емес, сондай-ақ ересектер де театрлық қолөнерді үйрене алады. «Астана Опера» театрында киім үлгілеу мен ағашқа өрнек салу курстарына қабылдау басталмақ. Ниеттенген кез келген жанға жасына қарамастан театр қызметкерлері қатарындағы тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, айрықша дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туды.
Қоғам • 22 Ақпан, 2023
Аты аңызға айналған ансамбльдің құрылу тарихы Ертіс-Баян өңірімен тығыз байланысты. Өнер иелері гастрольдік сапарларында ансамбль құрметіне орнатылған мүсіндік композицияда болып, жергілікті студенттермен бірге аллеяда серуендеді.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2023
Өскеменде сотталған адам колониядан қашып кетті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №16 мекемесінен сотталған адам қашып кеткен. ҚР ІІМ баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.