Қоғам • 21 Ақпан, 2025
Шетелге шығуды жоспарлаған әрбір азамат сапарының еш кедергісіз болуын қалайды. Алайда төленбеген қарыз, салық, алимент кесірінен шекарадан өтуге шектеу қойылуы мүмкін. Мұндай жағдайға тап болмас үшін азаматтар «eGov.kz» порталы немесе «eGov Mobile» қосымшасы арқылы шетелге шығуға тыйымның бар-жоғын тексере алады.
Еңбек • 21 Ақпан, 2025
Саран индустриалды аймағында орналасқан «Silk Road Electronics» тұрмыстық техника шығаратын зауытта жас отау иелері нәтижелі жұмыс істеп жүр. Екі жас зауыт ашылмай тұрғаннан бастап жұмысқа орналасқан.
Маман • 21 Ақпан, 2025
Мамандықты тартымды етудің амалы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында кәсіптік білім беру өрісіне реформа жүргізу керегін тапсырды. Биыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды. Жұмысшы мамандардың қажыр-қайратын дәріптеп, үлгі ету тек бір жылмен ғана шектеліп қалмауы керек.
Еңбек • 21 Ақпан, 2025
Төрт түлігін өргізіп отырған Алтай өңіріне бұғы жануары да бөтен емес. Сарғыш тартқан көне кітаптарда мүйізі құнды жануарды ертеректе, ХІХ ғасырдың басында ескі дін ұстанушылар қолға үйрете бастаған деп жазады. Тіпті тереңнен тартсақ, түркілер екі-үш мың жыл бұрын бұғыны шанаға жегіп, шаруашылыққа пайдаланған екен. Ата дәстүрді Катонқарағайда жалғап, жаңғыртып келе жатқан бірнеше шаруашылық бар. Қарапайым бұғышы Қуан Босхомжиев солардың бірінде еңбек етеді.
Білім • 21 Ақпан, 2025
Білім алуға қаржылай көмектеседі
«Coventry University Kazakhstan» президенті Мирас Дәуленов пен «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім шеңберінде «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесіне тіркелген студенттер университетте 20 пайызға дейінгі жеңілдікпен оқи алады.