Туризм • 23 Ақпан, 2024
Табиғаты көркем, шұрайлы аудандарды туризмі дамыған аумақтардың қатарына қосу үшін алдымен инфрақұрылымды жаңартып, қызмет көрсету сапасын жетілдіруге көңіл бөлу қажет. Бұл қағиданы туризмге таптырмайтын аудандардың басшылары жақсы білгенімен, берік ұстана бермейді. Әйтеуір, кейінгі жылдары ел үкіметі туризм саласындағы инвестициялық жобаларға басымдық беріп, кәсіпкерлерді мемлекеттің қолдау шараларынан қалыс қалмауға шақырып отырғаны қуантады. Енді осы игі бастамалар уақыт сәтімен жемісті болса жарар.
Спорт • 23 Ақпан, 2024
26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Тайпейде мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы әлем біріншілігінің жалауы желбірейді. Бұл жарыстың жекелеген сайысында Қазақстанның екі өрені өнер көрсетеді. Олар – Олег Мельников пен Екатерина Балюба.
Спорт • 23 Ақпан, 2024
Қатардың бас шаһары Дохада өткен су спортынан әлем чемпионатында 42 жүлде жиынтығы сарапқа салынды. Бақ сынаушылардың жалпы саны – 2 600 спортшы. Барлық құрлықтың мықтылары бас қосқан байрақты бәсеке Қытай құрамасының айқын жеңісімен аяқталды.
Футбол • 23 Ақпан, 2024
Кеше футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалына шыққан командалардың соңғы жұптары күш сынасты. Бұл бәсекелер Италияның Неаполь және Португалияның Порту қалаларында өтті.
Заң • 23 Ақпан, 2024
Қазақстан Республикасының заңы: № 63-VIІІ ҚРЗ
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы