Гумилев анықтамасына жүгінсек, пассионарлық – жұлдыздардың әсерімен, табиғат пен тарихаттың қилы дүмпулерімен қайталанып тұратын заңды құбылыс. Пассионарлар бойларында тасыған күш-қуатты, жүректеріндегі жалын жігерді айнала төңірегін, келе-келе күллі қауым-жұртын өзгерту орайындағы мақсатты жұмысқа жұмсайды. Олай болса, пассионарларды қоғамдық қозғалыстың неғұрлым белсенді тегершіктері, жаңашылдар, жасампаздар десек те жарасады.
Медицина • 16 Ақпан, 2018
Суицидті алдын алудың сәтті жобасы
Жақында Шымкентте 16 жасар бала өз өмірін қиды. Дәл сол күні ол әпкесіне хабарласып, жоғары сынып оқушыларының маза бермеуіне сілтеп жеті мың теңге сұраған екен. Ал үйге келгенде қалтасында 500 теңге болмағаны үшін тест тапсыра алмағанын айтқан. Ұлының ашулы екенін байқағанымен, анасы оған аса қатты мән бере қоймайды. Нәтижесі – сұм ажал. Дәл осындай оқиғалар Қазақстанның әрбір түкпірінде қайталанып жатыр. Бұл дерт Қызылорда облысын да айналып өтпеді. Сол себепті біз облыстың түрлі мамандарымен бірнеше жылдан бері әлеуметтік зерттеу жүргізіп, әлемдік тәжірибені зерттедік. Түйгеніміз, суицид – жүйелі әрекетті талап ететін аса күрделі проблема.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2018
Жезқазған өңірінің тұрғындары темір жол тауқыметін тартып отыр
Жезқазған өңірінің тұрғындары үшін темір жол қатынасы проблемаға айналған.
Медицина • 16 Ақпан, 2018
Бүйрегін баласына берген ата-ананың ахуалы
Бөкей ордасы ауданының Мұратсай ауылында тұрған Руфат Хабиев пен Сымбат Қапезованың отбасы аяқ астынан тағдырдың сынағына түсті. Бір жыл бұрын шаңырақтағы жалғыз ұлы Бақытнұрдың ауыр науқасқа ұшырағаны белгілі болды...
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушы дана болады» дейді халық мақалы. Осы бір тәмсілдің өн бойында үлкен ұлағат жатқанына шек келтірудің өзі күнә.