Медицина • 24 Ақпан, 2021
Екпенің екінші кезеңі басталды
Қостанай облысының медицина қызметкерлеріне Сovid-19 вирусына қарсы екінші рет вакцина егу басталды. Бұған дейін өңірдегі емдеу мекемелерінің, жедел медициналық көмек қызметкерлері мен жансақтау, қарқынды терапия бөлімшелерінің, сондай-ақ санэпидқызмет мамандары вакцина қабылдаған болатын.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2021
Тауар өндірушілердің еңсесі тік
Ел кәсіпкерлері «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 1,5 триллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бағдарлама өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолжетімді кредит беріп, қолдау көрсетуге бағытталған.
Футбол • 24 Ақпан, 2021
Ресейдің Футбол ұлттық лигасындағы (ФҰЛ) ең құнды ойыншыларының тізімі жарияланды. Үздіктер арасында Қазақстанның да өкілі бар.
Әлем • 24 Ақпан, 2021
Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» бүгін жариялап отырған мақалалар топтамасында көтеріліп отырған мәселелер өте өзекті. Біріншісі, «Солтүстік ағын – 2» жобасына қатысты. Екіншісі, Ауғанстандағы қақтығысты аяқтау жөнінде. Стэнфорд Гувер институтының қызметкері Джозеф Джофф өз мақаласында Германияның неліктен «Солтүстік ағын – 2» жобасынан бас тарта алмайтынын әңгімелейді. Автордың сөзіне сүйенсек, аталған бастама арзан газ туралы ғана емес, Ресей мен Германияның мүддесіне тікелей қатысты. Осы орайда, Джофф Германия империясының алғашқы канцлері Отто фон Бисмарктің сөзін еске алады. Оның айтуынша, немістер мен орыстар қаншама мәрте соғысқанына қарамастан, Германияның қазіргі билігі Ресеймен дипломатиялық байланысты үзуге ынталы емес. Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт өз мақаласында Ауғанстандағы ахуалға тоқталады. Оның сөзіне сүйенсек, АҚШ әскерінің аталған елден шығарылуы мәселені түбегейлі шешпейді. Керісінше, жаңа қақтығыстар туындатуы мүмкін. Сондықтан Ауғанстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қайта қалпына келтіру үшін ұзақ мерзімді жоспар қажет. Естеріңізге салайық, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалалары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Спорт • 24 Ақпан, 2021
Бүгін Германияның Оберстдорф қаласында шаңғы жарысынан әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Бұл жарыста Қазақстанның намысын 12 спортшы қорғайды.