Қыз намысы ұлт намысы емес пе?
Қазақ ұлын ұядан, балапан кезінен қырандай қияға қанат қақса екен, отбасы, ошақ қасында қалмаса екен деп тілеген. Қарғадайынан ашамай ерттеген тай-құнанға мінгізіп, ұранымды айтар ұланым деп, қолдан келгеннің бәрін аямаған. Талабын ұштаған. Қазақтың бетіндегі ұяты, көңіліндегі мияты бол деген тілегін құлағына құйған.