Руханият • 25 Наурыз, 2021
«Қыз Жібекте» «Гәккуді» шырқаған әнші Мүнира Ижанова жайлы не білеміз?
Қазақ киноиндустриясындағы қайталанбас өнер туындысы – «Қыз Жібек» көркем фильмі талай жастың талантын ашты. Басты рөлдерді сомдауға Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешова таңдалды. Екеуін де ел таныды. Өздері отбасылық жұп құрды. Солармен бірге танылған тағы бір өнер адамы бар. Бірақ оны «Қыз Жібек» киносын түсірушілер тобы ғана біледі. Өйткені ол «Гәкку» әнін шырқады. Кино кадрында даусы ғана жазылды. Әнді кадр сыртында шырқағандықтан, оның бейнесі лентаға түскен жоқ. Сол себептен, оның аты жұртшылыққа жария етілмеді.
Экономика • 25 Наурыз, 2021
Еліміздегі мал басы мыңғырған аймақтың көш басында Жетісу өнірі тұрғаны белгілі. Бұған соңғы бірер жылдың көлемінде облыстағы төрт түліктің саны мен одан алынатын өнімнің нақты көрсеткіші 3,7 пайызға артқаны дәлел болмақ. Ал мал басының көбеюі ішкі нарықты таза ет өнімдерімен қамтуға жол ашып отыр. Тіпті шетелге ет экспорттаудан да Алматы облысының асығы алшысынан түсіп тұр деуге болады.
Өнер • 25 Наурыз, 2021
Ұлттық анимация өнерінің бүгінгі жаңалықтары қандай?
Бүгінде анимация – балалардың ғана қызығы емес, ересектердің де ермегіне айналған жеке өнер түрі. Белгілі кинорежиссер Ф.Хитрук: «Мультипликация – бұл ғажайып. Біз бұл жайлы ұмытпауымыз керек», дейтін еді. Ұлттық анимация өнері жайында сын аз айтылып жүрген жоқ. Десе де анимация өнерінің бүгінгі ахуалы мен осы саланың дамуына үлес қосып жүрген белгілі режиссер-аниматорлар қолтаңбасындағы кейінгі жаңалықтарды сұрастырып көрдік.
Экономика • 25 Наурыз, 2021
Елорданың іргесіндегі «Зеренді» асылтұқымды шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің таңсық тағам – ешкі сүтін өндірумен аты шығып тұр. Нұр-Сұлтан қаласы мен облыстың сауда сөрелеріне ешкі сүтінен жасалған өнімнің қырықтан астам түрін ұсынатын шаруашылықтың келешегі кемел.
Аймақтар • 25 Наурыз, 2021
Былтыр республикалық бюджеттен Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы құрылымдарына бөлінген субсидияларды алуға өңірдегі шаруа қожалықтарынан 5 мыңнан аса өтінім келіп түсті. Әсіресе жеке қожалықтар мал азығына субсидия алуға айрықша ынталы болды.