Таным • 27 Наурыз, 2020
Жетіліктің тылсымы: Үнді және түркі танымындағы көк пен жер
Үнді халқына тиесілі аңыздар мен ертегілер, дастандар әлемдік мәдениетте өз орны бар бағалы қазыналардың қатарында. Ежелгі Ведалар, Пурандар, «Махабхарата», «Рамаяна» арқылы ежелгі үнді халқының өмірге көзқарасы, арман-аңсары, жаратылыс жайлы таным-түсінігі, белгілі бір дәрежеде ғылым-білімді игеруі байқалады. Үнді мәдениеті Антика мәдениетіне жол салғаны да тарихтан белгілі. Антика мәдениеті өз кезегінде нақты ғылымның, технологиялық мәдениеттің, техногендік қоғамдардың қалыптасуының бастауында тұр.
Спорт • 27 Наурыз, 2020
Баскетболдан ВТБ лигасы тоқтады
Елорданың «Астана» баскетбол командасы бақ сынайтын Біріккен ВТБ лигасы әлемді шарпыған коронавирус пандемиясына байланысты биылғы біріншілік өз мәресіне жеткенін хабарлады.
Таным • 27 Наурыз, 2020
«Метаморфозадан» басталған құбылулар
Метаморфоза деген сөз ежелгі грек тілінен аударғанда «алмасу», «өзгеру», «құбылу» деген мағынаны білдіреді. Ежелгі грек, рим халықтарының аңыздарында метаморфозалар жиі кездеседі. Әсіресе батырлардың өзенге, тауға, өсімдікке, жануарға айналып кеткені туралы метаморфозалар көп. Ежелгі Римде өмір сүрген Овидий ақын сондай метаморфозаларды жинайды. Олардың саны 200-ден астам. Ол осы құбылуларды бірінен кейін бірін аса реттілікпен баяндап шығады. Нәтижесінде «Метаморфозалар» поэмасы дүниеге келеді. Поэма Хаостың Аспан мен Жерге айналуынан басталады. Бұл әлемдегі алғашқы «құбылу» болатын. Поэма Юлий Цезарьдың өлімінен соң аспанда үлкен кометаның пайда болуымен аяқталады. Халық Цезарьдың жаны кометаға айналды деп топшылайды. Юлий Цезарь Овидийдің дүниеге келуінен аз-ақ бұрын Римде өлтірілгенін есепке алсақ, поэманың бергі дәуірдегі «құбылуларды» да қамтығанын шамалауға болады.
Таным • 27 Наурыз, 2020
Адамға бағытталған ілім немесе аспан кімді жарылқайды?
Қай қоғамда, қандай жағдайда өмір сүрсе де дананың аты өлмейді. Келер буын ұрпақтың санасына мәңгі өшпестей із қалдырып, даналық қағидалары қатталып, ал, ілімі бір шоғыр адамдардың, кейде тұтас мемлекеттің не мемлекеттердің өмір сүру ұстынына айналатыны бар. Ондай мысалдар өте көп болмаса да, әлем тарихында баршылық. Мысалы, Будда, Конфуций, ЛаоЦзы сынды тұлғалар Үндістан, Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Вьетнам, т.б Шығыс Азия елдерінде пайғамбарлық дәрежеге көтеріліп, ал, ілімдері дінге айналған жағдайды біз нақты айта аламыз. Соның ішінде әлемдік деңгейдегі ғұлама Конфуцийдің (б.з.б 551 жылы өмірге келген) , яғни, Кұң ұстаздың іліміне тоқталғымыз келеді.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» Жетісуда қалай жүзеге асады?
Елімізде төтенше жағдай зардаптарын жоюға бағытталған шаралар аясында бюджеттен 1 триллион теңге бөлініп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жұмыспен қамтудың жол картасы» дайындалып, аймақтарда оны жүзеге асыру жолдары жасалуда. Жол картасы бойынша Алматы облысына да 109,2 миллиард теңге бағытталмақ.