Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Тұрғын үй банкі төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде жүзеге асырады
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) уақытша қаржылық қиындыққа ұшыраған клиенттеріне 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемді 90 күнге шегеруге мүмкіндік береді. Шегерілген төлемге негізгі қарыз да, несие сыйақысы да кіреді. Бұл клиент жазған өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Өтініште кейінге шегерудің не себепті қажет болғанын көрсету керек, бірақ банк қосымша растау құжаттарын талап етпейді. Төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі автоматты түрде беріледі. Бұл шара коронавирус таралуының алдын-алу мақсатында елде төтенше жағдайдың енгізілуіне және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланғанына байланысты орын алған. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1999 жылдың маусым айы болатын. Астаналық басылым - «Ақшам» газетінде қатардағы қызметкер едік. Төтеден тапсырма түсті. Облыстық өлкетану және тарих музейінде армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовпен кездесу өтеді екен. Ұмытпасам, шараны ұйымдастырушы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Оразкүл Асанғазы.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Қордай тұрғындарына көмек көрсетілуде
Жыл басында Жамбыл облысының Қордай ауданында қақтығыс орын алған болатын. Бүгінде сол қақтығыстан зардап шеккен үйлер демеушілер есебінен қалпына келтірілетін болды. Тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандарды қалпына келтіру жұмыстарын осы айда бастау жоспарланып отыр.
Қоғам • 27 Наурыз, 2020
Карантин режимін бұзғандарға қандай жаза қарастырылады?
Төтенше жағдай кезінде карантин режимінің талаптарын сақтамағаны үшін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Аймақтар • 27 Наурыз, 2020
Солтүстік Қазақстан полицейлері жалған ақпараттың таралуын болдырмау жұмыстарын күшейте түсті. Тек өткен тәулік ішінде өңірде елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты жалған ақпарат таратудың екі фактісі анықталды.