Үкімет • 20 Наурыз, 2024
Қала мен ауыл алшақтығы азаяды
Кеше Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл аумақтарын дамыту мәселесі қаралды. Отырыста салықтық және кедендік әкімшілендіру, цифрландыру шараларын жетілдіру мәселелері күн тәртібіне қойылды.
Үкімет • 20 Наурыз, 2024
Өзекті мәселелерге мән берілді
Елімізде Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өткеніне кеше бір жыл болды. Төменгі палата еліміздегі іргелі реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөнінде Мемлекет басшысы жүктеген міндеті Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың басшылығымен белсене атқарып келеді. Ел басшысы бұл жұмысқа оң баға беріп, қабылданған заңдар халықтың тұрмыс сапасын арттыруға тікелей ықпал ететінін атап айтқаны белгілі.
Қазақстан • 20 Наурыз, 2024
Жаңару күні табиғаттың түрленуіне ғана емес, елдегі саяси өзгерістерге де қатысты. Бұдан бес жыл бұрын бүгінгі барлық экономикалық-саяси реформаға тың серпін берген маңызды шешім қабылданды, ел билігі ауысты. Ал 2023 жылдың 19 наурызында кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті. 2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім бойынша, 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланды.
Пікір • 20 Наурыз, 2024
Әйел мен бала құқығы институты қажет
Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті мәселенің бірі – әйел мен балаға қатысты зорлық-зомбылық. Бұл мәселе адам құқықтары мен бостандықтарын өрескел бұзу ретінде ішкі саяси және халықаралық пікірталастардың басты тақырыбына айналды.
Пікір • 20 Наурыз, 2024
Президент Ұлттық құрылтайда қадау-қадау мәселелерді көтерді. Оның ішінде Жайық өзенінің жағалауындағы көненің көзі – Сарайшық қалашығына баса маңыз беріп отыр. Бірақ Сарайшықтың зерттелу жағы, құндылықтарын дәріптеу жағы әлі жетіспейді. Оның себептерін анықтаған жөн.