Ғылым • 20 Наурыз, 2024
«500 ғалым» тағылымдамасы тиімді ме?
Отандық ғылымды дамыту мақсатында игі жобалар жүзеге асып жатыр. Соның бірі – «500 ғалым» тағылымдамасы. Бұл бағдарлама аясында жыл сайын 500 ғалым үздік шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады. Бірақ сол тағылымдама стипендиаттарының саны алғашқы жылдан-ақ 500-ге жетпей қалды. Себебі неде? Талаптары қиын ба, стипендия аз ба, жоқ әлде біздегі ұйымдар қызметкерлері біліктілігін арттыруға құлықсыз ба? Тереңіне үңіліп, сараптап көрдік.
Айтыс • 20 Наурыз, 2024
Дәстүрге айналған жыр жәрмеңкесі
Өткен демалыс күні Арқаның жас айтыскер ақындары С.Сейфуллин атындағы академиялық қазақ драма театрын дүбірге бөледі. «Армысың, әз Наурыз» атты облыстық жас ақындар айтысында өрен жүйріктер ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығы мен Қарағанды қаласының 90 жылдығын жырларына қосты.
Руханият • 20 Наурыз, 2024
«Ақ желкен» республикалық балалар мен жасөспірімдер журналының наурыз айындағы саны Наурыз мейрамына және Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналды.
Мәселе • 20 Наурыз, 2024
Су тапшылығы – Орталық Азияның өзекті мәселесі
Ауылы аралас, қойы қоралас Орталық Азия елдеріне ортақ проблема көп. Соның ішінде бір ғана су ресурстарының төңірегінде жыл сайын дипломатиялық дау туып, елімізде «Күлтөбенің басында күнде жиын» болады да жатады. Трансшекаралық өзендердегі су тапшылығынан ең көп зардап шегетін Қазақстан вегетация кезеңінде тығырыққа тіреледі де қалады. Былтыр Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенін біраз шығынға батырған су тапшылығымен биыл қаншалықты күресе аламыз? Жаңадан құрылған Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғаттың былтырғыдай тосынсыйына биыл тас-түйін дайын ба? Оның үстіне, тарансшекаралық өзендер мәселесінің экономикалық жағынан гөрі саяси, дипломатиялық салмағы басымырақ сияқты.
Айбын • 20 Наурыз, 2024
Биыл наурыз бен маусым аралығында Батыс Қазақстан облысынан Отан алдындағы әскери борышын өтеуге 600 жас жігіт шақырылады.