Руханият • 17 Наурыз, 2015
Аласапыран кезде ел тізгінін ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев халқын арайлы азаттыққа бастады. Сол арқылы арқауы үзіліп қалған елдік дәстүр жалғанып, төрт құбыласы түгел мемлекеттің негіздері орнықты. Күн астында алтын қыраны қалықтаған аспан түсті көк байрақ асқақ желбіреді. Ұлт ұйысып, қаймағы бұзылмаған берекелі бірлік орнады.