Руханият • 27 Наурыз, 2020
Бір әндер болады, бір ғана елде, бір ғана жерде айтылады. Өйткені ол ән о баста сол топырақта туған. Сол төңіректің әншілері ғана біледі. Келе-келе ол өнерпаздар дүниеден өтеді. Есіл ән иесінен айырылып, қарапайым жандардың жүрегінде ғана сақталған. Бірақ өріс жая алмаған...
Өнер • 27 Наурыз, 2020
Театр – қызық әлем. Өнер қандай көркем болса, сахна сыртындағы сыр одан да әсерлі, шытырман. Театр өлкесінің ескірмейтін естелікке толы шымылдық сыртындағы сондай сан қырлы сырларының бір парасын кезінде Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының белді әртісі болған, бүгінде елордалық Жастар театрының көркемдік жетекшісі, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрқанат Жақыпбайдың өз аузынан халықаралық театр күні қарсаңында арнайы барып жазып алған едік. Қалың көрермен үшін жұмбаққа толы әлемнің біраз құпиясы тарқатылған естелік-сырласу сұхбаты газетіміздің оқырмандарын да бейжай қалдырмайды деп сенеміз.
Коронавирус • 27 Наурыз, 2020
Алматыда вирус жұқтырған тағы 7 адам тіркелді
Елімізде жалпы вирус жұқтырғандар саны 120-ға жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Таным • 27 Наурыз, 2020
Белгілі жазушы, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Болат БОДАУБАЙДЫҢ шығармашылық әлемі кешегі кеңес заманы мен Тәуелсіздік алған қазіргі кезеңдегі ел тағдырын тұтас қамтитын қос дәуір шежіресі іспетті. Қаламгердің әдеби еңбектері жас буынды ұлттық құндылықтарымызды сүйіп, ұлтқа адал қызмет етуге үндейді. Төмендегі әңгімеде журналист-жазушының өмір-өрнегі мен шығармашылық шыңы қамшының қос өріміндей қатар өріледі.
Әлем • 27 Наурыз, 2020
Қатаң шара қабылдамаған елдер қапы қалуда
Әлемді жайлаған коронавирус пандемиясына қарсы шаралар барлық елде күн санап күшейіп келеді. Президент жанындағы Төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шараларын күшейткені белгілі. Арнайы тәртіп дүние жүзі бойынша 22 мыңнан астам адамның қазасына себеп болған індетпен күрестің басты шешімі болып тұр.