Театр • 21 Наурыз, 2021
Қостанайда «Мақта қыз» ертегісі сахналанды
Наурыз мерекесі қарсаңында Қостанайдағы І.Омаров атындағы қазақ драма театры «Мақта қыз» ертегісін сахналады. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсаринның балаларға арналған әйгілі шығармасын қазіргі заманға сай түрлендіре отырып, сахнаға икемдеп қайта жазып шыққан қаламгер – ақын, драматург Абылай Мауданов.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2021
Ливаннан қазақстандық бітімгерлер ротасы оралды
Төртінші құрама бітімгерлік ротасы Ливан Республикасынан елге оралды. Жақында ғана оларды «БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» құрамындағы миссияны орындау үшін қазақстандық бесінші бітімгерлік контингенті алмастырды.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2021
Ұлттық тағам өнімдерін дайындау
Қазақ ұлттық тағам өнімдерін – негізін мал шаруашылығының өнімдері: ет, сүт, десерттер, пісірілген нан өнімдері, сусындар құрайды. Деликатес тағамдарды, негізінен, жылқы етінен жасайды – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б. Нан өнімдердің ішінен ең танымалдысы - бауырсақ. Жалпы, ұлттық тағамдарды дайындау мен сату табысты бизнес түріне жатады.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2021
Мұсылманша жыл санау осыдан 1389 жыл бұрын (григориан есебі бойынша) басталаған. Яғни, ғаламның рахым нұры Мұхамед пайғамбардың (с.ғ.с.) Мекке қаласынан Мединеге хижрат (көшуіне) етуіне байланысты, ислам дүниесінің жаңа дәуірі, жаңа жыл санауы басталды. Бұл біздің жыл санау бойынша 622 жылдың 16 шілдесі жұма күні екен.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2021
Бас мүфти Наурыз мерекесімен құттықтады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.