Қазақстан • 21 Наурыз, 2021
Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды
Қазақстанда наурыз мерекесі қарсаңында «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктердің бірлескен шарасында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2021
Түркістан қаласының әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды
2021 жылғы 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Ыстамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады.
Қазақстан • 21 Наурыз, 2021
Қорғаныс министрі әскерлердің жауынгерлік даярлығын тексерді
Генерал-лейтанант Нұрлан Ермекбаев Алматы мен Гвардейск гарнизондарындағы танк және десанттық-шабуылдау бригадаларының жауынгерлік даярлық барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 21 Наурыз, 2021
Қазақтың ұлттық тағамдарын еуропалық үлгіде мейрамханаға сай етіп әзірлеуді үш жыл бұрын қолға алған Мұхтар Тойбазаров дегеніне жетті. Ұлт мүддесі үшін еңбек етіп жүрген белгілі ресторатор Өскеменнің ортасында ұлттық мейрамхана ашқан.
Руханият • 21 Наурыз, 2021
Аштық кезінде де Наурыз мерекесі аталып өтті
Наурыз қазақ даласында ежелден келе жатқан мейрамның бірі. Омар Һайям, Әбу Райхан әл-Бируни сияқты әйгілі тұлғалардың шығармаларында Шығыс халықтарының Ұлыстың ұлы күнін қалай атап өткендігі жазылады. Ықылым замандарда бұл күні әр жерге от жағып, отқа май құю, жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжау, ескі киімдерді тастау, ескірген ыдыстарды сындыру секілді дәстүрлер болған. Ал қазақ халқының ежелгі танымы бойынша бұл күні даланы Қыдыр аралап, әр үйге бақ-береке тілейді. Наурыз мейрамы қарсаңында жеті түрлі дәмнен наурыз-көже пісіріп, оны халыққа тарату үрдісі ел ішінде әлі де сақталған.