Экономика • 30 Наурыз, 2020
ТЖ кезінде берілетін 42 500 теңгені қалай алуға болады?
Төтенше жағдайға байланысты берілетін ең төменгі жалақы (42 500 теңге) көлеміндегі төлемді төмендегідей жолдармен алуға болады.
Коронавирус • 30 Наурыз, 2020
Алматыда індет жұқтырғандар ішінде 11 жастағы бала бар
– Бүгінге дейін Алматыда коронавирустық инфекциясын жұқтырудың 73 жағдайы тіркелді, оның жетеуі сауығып, үйіне шықты, – деді бүгінгі онлайн-брифингте қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы басшысы Тілеухан Әбілдаев.
Қоғам • 30 Наурыз, 2020
Biz Birgemiz акциясына шығысқазақстандықтар белсенді қатысып жатыр
«Nur Otan»партиясының бастамасымен өткізіліп жатқан Biz Birgemiz акциясына Қазақстан халқы Ассамблеясының Шығыс Қазақстан облысындағы мүшелері қатысып, халыққа дезинфекцияға қажетті құралдар мен медициналық маска тігіп, таратты.
Қазақстан • 30 Наурыз, 2020
Қазақстан автомобиль жолдарының 97% тасқын суды өткізуге дайын
Жол қызметтері наурыз айының басынан бері республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күн сайын патрульдеуде, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.
Таным • 30 Наурыз, 2020
Қайбір жылы Шу ауданының әкімі екі кештің арасында ескі шәпкісі мен күпәйкіге ұқсас қалың күртешесін киіп, жалғыз өзі көше аралап шыққан ғой. Сөйтіп, жақын маңдағы мектептің ауласына кіріп, от жағатын жағын көріп, шетінен барлап келе жатса алдынан қарауыл шығып қалыпты. Жаман шәпкі киген адамның әкім екенін қайдан білсін? Әкім де сыр бере қоймаған. Амандық-саулықтан кейін аудан басшысы мектептің жағдайын сұрап «Көмір мәселесі қалай? Бір қысқа жете ме?» десе, қарауыл байғұс аса сақтықпен жан-жағына бір қарап алып «Көмір жетеді... Егер аламын десең, арзан беремін...» деп сыбырлайтын көрінеді. Сонымен бұл «Ой, жақсы болды ғой... Көмір іздеп жүргенімді қайдан білдіңіз?» деп, саудаласа кеткен. Анаусы «Ой, білеміз ғой сендейлерді... Күн сайын қаншасы кеп жатыр» деп одан бетер шірене түсіпті. Сол жолы күпәйке киген аудан басшысы қанша қап көмір арқалап қайтқанын қайдам, кейінірек бұл оқиға үлкен жиында айтылып, аяғы әжептеуір айқай-шу болды.