Нәтижесінде, бүгін дүйсенбі күні Қалалық жұқпалы аурулар стационарларында COVID-19-дан емделіп жатқан 66 пациент бар.
Жаңадан анықталған 6 адамның төртеуі байланыста болғандар, бір пациент 19 наурызда Минск–Алматы рейсімен және біреуі осы күні Ыстамбұл–Алматы рейсімен ұшып келді.
Емдеуге жатқызылғандардың ішінде 11 жастағы бала бар, қазір ол Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында әкесімен бірге.
Қазіргі кезде 58 науқастың жағдайы – қанағаттанарлық, – ересек науқастың жағдайы ауыр, 6 ересек адам мен 1 баланың денсаулығы орташа ауыр.
Провизорлық орталықтарда 1046 адам бар, оның ішінде 102-сі – бала. Алматыдағы провизорлық орталықтар саны алтыға дейін көбейгенін атап өту қажет. Бұған дейін 4 орталық болды.
Карантиндік оқшаулау үшін 3 шипажай және бір жатақхана бөлінді.
Қазір 419 азамат карантиндік оқшаулауда жатыр. Бұл шетелден келген адамдар. Олардың барлығы қай елден келгеніне қарамастан, екі күндік карантинге орналастырылуда. Рейстен түскеннен кейін олардан бірден COVID-19-ға талдаулар алынуда. Нәтиже теріс болған жағдайда олар үйлеріне жіберіледі.
АЛМАТЫ