Егер сіз жұмыс беруші болсаңыз және сіздің қызметкерлеріңіз жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілсе, сізге қызметкерлеріңіз төлем алу үшін өтініш беру қажет:
- egov.kz порталында авторизациялану
- Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электрондық өтініштер» тармағын таңдау
- Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу
- Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін
- Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу
- Қызметкерлер тізімінің электрондық нұсқасын бекіту
- ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.
Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.
*****
Егер сіз жалақысы сақталмайтын демалысқа жіберілген жалдамалы жұмыскер болсаңыз:
- egov.kz порталында авторизациялану
- Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электрондық өтініштер» тармағын таңдау
- Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу
- Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін
- Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу
- Өзін көрсете отырып, тізімнің электрондық нұсқасын бекіту
- ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.
Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.
*****
Егер сіз өз-өзіңізге ресми түрде жұмыс жасап әлеуметтік және/немесе зейнетақы жарналарын төлесеңіз (ЖК, жеке практикамен айналысасыз, қызмет көрсетесіз (БЖТ төлеушілер), азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызмет көрсетсеңіз):
- egov.kz порталында авторизациялану
- Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электрондық өтініштер» тармағын таңдау
- Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу
- Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін
- Өтініштің электронды нұсқасын тіркеу
- Өзін көрсете отырып, тізімнің электрондық нұсқасын бекіту
- ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.
Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.
*****
Егер сіз өз-өзіңізге бейресми түрде жұмыс жасап, қандай да бір аударымдарды жасамаған болсаңыз (мысалы, такси жүргізушісі, бала күтуші және т. б.)
*ТЖ-ға байланысты кіріс төмендеген кезде
- БЖТ төлеу (қалада 2 651 теңге, ауылдық аудандарда 1 325,5 теңге). Мұны «Қазақстан Халық банкі», «Fortebank», «Сбербанк», «JusanBank», «Банк центр кредит», «Каспи банк» банктерінің мобильдік қосымшаларында, банктер мен «Қазпошта» бөлімшелерінде, сондай-ақ SMS арқылы жасауға болады.
- egov.kz порталында авторизациялану
- Оң жақ жоғарғы бұрышында өз ТАӘ басу, «Электрондық өтініштер» тармағын таңдау
- Ашылған терезеде «құру» батырмасын басу
- Барлық қажетті өрістерді толтыру. «Мазмұны» жолында «Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемді тағайындау» көрсетілсін
- Өтініштің электрондық нұсқасын тіркеу
- Өзін көрсете отырып, тізімнің электрондық нұсқасын бекіту
ЭЦҚ қол қойып, өтінішті жіберу.
Жауап 3 жұмыс күні ішінде egov.kz-те жеке кабинетке келеді.
*****
Егер сіз жұмысыңыздан айырылсаңыз (жұмыстан босатылса), Еңбекмині жұмыс табуға көмектесуге дайын. Егер сіз жұмыс таба алмасаңыз, сізге жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем тағайындалуы мүмкін.
Ол үшін:
- egov.kz порталында авторизациялану
- Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау
- Қызметті онлайн тапсырыс беріп, барлық алаңдарды толтырыңыз және ЭЦҚ қол қойып өтінімді жіберіңіз.
- 3 күн ішінде сіз жұмыс (қашықтан) табуға тырысыңыз. Мұны Жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынатын enbek.kz сайтынан жасай аласыз.
- Егер осы мерзім ішінде жұмыс табылмаса, азаматқа қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат алу үшін ХЖҚО қызметкері сізбен хабарласады).
- Төлем автоматты түрде тағайындалады және жалақының 40%-ын құрайды.