Туризм • 20 Наурыз, 2021
Туризмді дамыту үшін өзара ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды
Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі» РМҚК директоры Нұрболат Ахметжанов «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректор Майнюра Мурзамадиева және Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Туристерге қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Е.Төлебаевпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Наурыз айының орта шенінде ел ішінде Амал мерекесі аталып өтеді. Бұл күнді халық «Көрісу күні» деп те атайды. Қыстан аман шыққан көпшілік Ұлыстың ұлы күні қарсаңында бір-бірімен жолығысып, ақ тілек айтып, бір-бірін аман көргеніне шүкіршілік етіп, алдағы күнге де жақсы тілек тілеп жатады. Бұл да – халқымыздың ежелден келе жатқан тәрбиелік мәні бар мерекесінің бірі.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Ұлттың үні Әнші Бағланованың батырлығы туралы
Жыл басында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында «2022 жылдың 1 қаңтарында қазақтың бұлбұл әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 толады. Ол – Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы. Майдан даласында ән салған Р.Бағланова қазіргі күнге дейін еліміздегі және шетелдегі әнсүйер қауым арасында кеңінен танымал. Оның есімін мәңгі сақтау үшін шаралар қабылдауды тапсырдым», деп жазған еді.
Руханият • 20 Наурыз, 2021
Моңғол ғарышкері: «Ғарышқа 22 наурыз күні аттандым»
Ол рас. 1981 жылы наурыз айының 22-сі күні моңғол азаматы Жугдэрдэмидийн Гуррагча мен КСРО-ның екі дүркін Батыры, ұшқыш-ғарышкер Владимир Жаныбеков «Союз-39» кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілген болатын. Аталған оқиғаға 40 жыл толып отыр.
Театр • 20 Наурыз, 2021
Опера түні бекзат өнерді сағынғандарға керемет көңіл күй сыйлайды
Абай атындағы Қазақ ұлттық академиялық опера және балет театры «Хабар» агенттігімен бірлесіп, бекзат өнерді сүйетін қауымға арнап, Наурыз мерекесі қарсаңында тамаша сыйлық дайындады.