Түркі әлемі айрықша құрметпен қарайды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен өкілеттігін тоқтатуға шешім қабылдауы түркітілдес елдердің халықтарына да айрықша әсер етті. Әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарына назар аударсақ, бауырлас мемлекеттерде Елбасының қызметтен кетуін бұқараның қимастықпен қабылдағаны байқалады. Әрі бұл шешім қазақстандықтарға ғана емес, түркі халықтары үшін де күтпеген жағдай болғаны байқалып тұр.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2019
Қостанай облысында көпбалалы отбасыларға баспана берілді
Наурыз мерекесінің алдында облыстың Таран ауданында төрт көпбалалы отбасына баспана берілді. Үйлерді сатып алуға осы аудан өңірінде алтын өндіретін «Варваринское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жомарттық жасады. Үш бөлмелік пәтерге ие болған Сымбат пен Әбдібек Мырзашевтар бұл өңірге 2011 жылы Өзбекстаннан көшіп келген болатын. Жас отбасының қазір төрт баласы бар, ең кішісі он айлық. Сымбат бала күтімімен үйде отыр, Әбдібек жергілікті шаруашылықта жұмыс істейді.
Аймақтар • 21 Наурыз, 2019
Павлодарда Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы пайда болды
Павлодар қалалық мәслихатының депутаттары шаһардағы Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаевтың есіміне қайта атау туралы бірауыздан келісті. Бұл туралы қала әкімдігі Фейсбук парақшасында хабарлады.