Спорт • 21 Наурыз, 2023
Жанқош Тұраров әлем чемпионы атанды
Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын жеңіп, әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 21 Наурыз, 2023
24-26 наурыз аралығында Грузия астанасы – Тбилисиде дзюдодан «Grand Slam» турнирінің жалауы желбірейді. Әлемнің 62 елінен 440 спортшы қатысатын байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы сапынан 24 балуан белдеседі.
Бокс • 21 Наурыз, 2023
Үндістанның бас шаһары – Делиде өтіп жатқан бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының бесінші жарыс күнінен кейін жерлестеріміздің қатары сирей бастады. Жаһандық доданың бәсекелері бел ортасына жетпей жатып, екі отандасымыз жарыс жолынан шығып қалды. Біріншісі – екі дүркін әлем чемпионы, 12 дүркін ел біріншілігінің жеңімпазы Назым Қызайбай (50 кг) болса, екіншісі – былтырғы Азия чемпионатының 52 килодағы қола жүлдегері Жазира Орақбаева.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
Наурыз мерекесі Шу аудандық орталық ауруханасында кең көлемде аталып өтті. Наурыз-додаға әр бөлім ұжымы, атап айтсақ, БМСК, КДЕ, терапия, хирургия, жұқпалы аурулар, перзентхана, қабылдау бөлімдері қатысты. Олар қазақтың салт-дәстүрлері – бесікке бөлеу, тұсаукесер, қыз ұзату, беташарды нақышына келтіре көрсетіп, ұлттық киімде ән айтып, би билеуден өнер жарыстырды.
Қоғам • 21 Наурыз, 2023
«Қажымұқанның інісі». Түйе көтерген палуан
Әлеуметтік желіде түйені мойнына салып, көтеріп алған жігіттің видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.